Меню KDT

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Тәрбие жұмысы

 

2023 жылғы 31 қаңтарда "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектеп" КММ базасында "Балалар-ата-аналар қатынастары мәселелері бойынша кеңес беру"  қалалық семинар-практикумы өтті. Семинарға Петропавл қаласы мектептерінің педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтері қатысты. Семинар барысында спикерлер тренингтер көрсетті, ата-аналар мен педагогикалық қоғаммен кеңесу әдістерімен бөлісті. Әр түрлі жағдайларды, оларды шешу жолдарын, іс-қимыл алгоритмін және басқа мүдделі қызметтермен өзара әрекеттесуді талқылады.

 


 







2023 жылдың 4 қаңтарында Оқушылар сарайы базасында "Кәсіптік бағдар беру жәрмеңкесі" және Аризона университеті мен М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университеті профессорлық-педагогикалық құрамының кездесуі өтті.  7 факультет ұсынылған болатын, оқушылар университетке түсу және онда оқу бойынша өздерін қызықтырған ақпаратты алды.





2023 жылғы 18 қаңтарда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Жоғары медицина мектебінде Медицина факультетіне түсу және оқу бойынша кәсіби бағдар беру кездесуі мен экскурсия өтті.






 

  2023 жылғы 17 қаңтарда «№ 7 орта мектеп» КММ базасында кадр саясаты бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Е.Е. Кәрібаевтың қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуде оқушылар ҚР Ішкі істер министрлігінің мекемелері, осы мекемелерде оқудың артықшылықтары туралы білді - бұл мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыту, жатақханада тұру, стипендия, тамақпен қамтамасыз ету және т.б. конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет. Кездесу соңында балалар Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының, полиция генерал-майоры Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының, Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бейнероликтерін тамашалады, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

  Әскери-дәрігерлік комиссиядан өту бойынша жұмыс күнтізбелік жылдың басынан басталады. Академияға түсуге ниет білдірген талапкерлер тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция департаменттерінің (ПД), қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (ҚАЖД) кадр жұмысы басқармасына өтініш береді. Петропавл қаласы бойынша анықтама телефоны: 49-32-17(жұмыс), 8 (701)8699240 (ұялы) Кәрібаев Ерлан Елубайұлы.




 

2023 жылғы 12 қаңтарда «№ 8 эстетикалық тәрбие жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ базасында «Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру табысты әлеуметтену факторы ретінде» тақырыбында қалалық семинар өтті. Педагог-кәсіби бағдар берушілер Коклемина Д.В., Шайгузова К.Ш. 5-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысының интерактивті әдістерімен бөлісті. Қала мектептерінің педагог-кәсіби бағдар берушілері «Мен – кәсіби бағдар берушімін», «101 мамандық» шығармашылық жұмыстарына белсенді қатысты. Іс-шара соңында педагог-профориентатор жұмысында қолдануға арналған ұсыныстар, кейс-технологиялар, құралдар жинағы берілді.









Петропавл қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20 желтоқсанда "Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектебі гимназиясы" КММ-де педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған "Әлеуметтік ұстаздың оқушымен жеке және әлеуметтік мәселесін шешудегі жұмыстарын ұйымдастыру" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар барысында педагогтер мектептегі психологиялық қызметтің бірлескен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Алынған практикалық және теориялық материалды қатысушылар өз тәжірибелерінде қолдана алады.



2022 жылғы 12 желтоқсанда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Педагогика және психология» факультетінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Петропавл қаласы мектептерінің оқушыларымен «Келдім-көрдім-ойландым» атты имидждік-таныстыру квесті өтті.   Балалар квесттен өту үшін топтарға бөлінді. Кейін университет оқытушылары болашақ талапкерлерді Kozybayev University-ге түсу және оқу лайфхактарымен таныстырып, педагогика және психология факультетінің мамандықтары туралы әңгімеледі. Бұл жұмыс оқу жылы бойы жалғасатын болады.




2022 жылғы 6 желтоқсанда «№ 4 орта мектеп» КММ педагогикалық ұжымы арасында Әдістемелік сағат өтті. Білім бөлімінің әдіскері Мағзұмова Ә.Е. нормативтік-құқықтық құжаттарға сүйене отырып, білім беру ұйымдарындағы балалардың құқықтарын және педагогикалық әдеп ережелерін сақтау жөнінде сөз сөйледі.  «Психологиялық денсаулық психологиялық-педагогикалық қолдаудың мақсаты мен өлшемшарты ретінде» тақырыбында Психикалық денсаулық орталығының психологы  Якимова И.И. сөз сөйледі. Іс-шара соңында «Әділдік ғаламшары» тренингі өткізілді.

 


2022 жылғы 2 желтоқсанда «№ 7 орта мектеп» КММ базасында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары көшбасшыларының қалалық слеті өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жоғары адамгершілікті, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А. Ж. Жүнісов құттықтау сөз сөйледі.

Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы ағымдағы жылдың 22-27 қарашасы аралығында өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы қалалық бейнероликтер байқауының жеңімпаздарына дипломдарды табыс етті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Құрметті 1 орынды «Дарын" мектеп-лицейі»  КММ «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы иеленді (клуб құрамы: Пустовалова Тиана, Ксения Кунау, Аристанова Лейла, Виговская Олеся, Гайнутдинова Аделина, Коростинский Станислав, Эйзенбард Даниил, Фольк Элизабет) .

2-орын «Ж. Ташенов атындағы № 20 орта мектеп» КММ ерікті мектеп клубында (клуб құрамы: Табылды Аружан Берікқызы, Тасболатова Мадина Бауыржанқызы, Ерден Ернар Дәуренұлы, Ерден Ернар Дәуренұлы).

3-орын «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубында (клуб құрамы: Ершова Александра, Сандыбаев Санжар, Серебряков Антон, Дурсунов Аббас, Хасанов Руслан, Скворцова Милана, Хасанова Дильбар, Хакимов Ахлидин).

Іс-шара соңында № 8 эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің би ансамблі флешмоб орындады.




 






 


2022 жылғы 8-9 қарашада Петропавл қаласы мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында Көкшетау қаласының азаматтық қорғау колледжіне түсу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті.


















Орта білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары Жүктеу


2022 жылғы 2 қарашада «Дарын» мектеп-лицейі» КММ базасында психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп педагог-психологтармен «Мектептердің психологиялық қызметінің кәсіби супервизиялық топтарын өткізу ережелері» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Супервизия өткізу қағидаларын кеңеске қатысушылар талқылап, білім бөлімі мен психикалық денсаулық орталығы арасында екі тарапты тәртіппен бекітілетін болады. Қадағалау мақсаты: психологиялық сүйемелдеу сапасын арттыру, психологтарға кәсіби қолдау көрсету. 

Бұл әдістемелік кеңесте өткен жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандар арасында суицидтер мен суицидтік әрекеттерге талдау жасалды. Жұмыс қорытындысы бойынша педагог-психологтың практикалық жұмысынан кейстер талқыланып, ұсыныстар берілді.  Бұл жұмыс оқу жылы ішінде жалғасатын болады. 




 

 


------------------------------------------------------------------------------------------------------

 


2022 жылғы 21 қазанда «Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектеп» КММ 9 сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «СҚО бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалына барды. Бұл экскурсияның мақсаты балаларды қаламыздың кәсіпорындарымен таныстыру, кәсіпорындарда біліктілік кадрларының маңыздылығы мен қажеттілігін көрсету. Кестеге сәйкес экскурсия оқу жылының соңына дейін жалғасады.






 


Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар және "Патриотизм дауысы" мемлекеттік гимнінің жаппай орындалуы өтті 




#Балаларжылы
#Годдетей
#өзін_өзібасқару
#школьное_самоуправление
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#rumcdo_official


Бүгін ержүрек батыр, қаһарман қолбасшы, дауылпаз жырау, әйгілі «Елім-ай» жырының авторы Қожаберген жырау Толыбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Аттың үстінде, түйенің қомында жүріп, Тәуелсіздік жолында аянбай күрескен ұлы тұлғаларды құрметтеу бүгінгі ұрпаққа парыз. Салтанатты шараны ұйымдастырудағы мақсат та осы. Бұл жиынға «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Ербақыт Амантай, өңірімізге белгілі өлкентанушы Ахметжан Қуантаев және мектебіміздің ардагер ұстаздары мен «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ оқушылары қатысты. Мерейлі меймандар өз сөздерінде баһадүр бабамыздың ерен ерлігін және батырдың тағдыр талайына қатысты деректермен бөлісіп, Республика күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның маңызы жайлы айтып өтті. Қожаберген ескерткішінің маңына жиылған салтанатты рәсім қонақтарына шәкірттер ақынның өлеңдерін жатқа айтып берді. Соныңда ескерткішке гүл шоқтары қойылды.









 


 


Балалардың қауіпсіз мінез - құлық ережелері


#Балаларжылы
#Годдетей#өзін_өзібасқару
#школьное_самоуправление
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#rumcdo_official


2022 жылғы 12 қазанда жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында офлайн форматта облыстық «Үздік мектеп медиаторы» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау аясында жарыс келесі бағыттар бойынша өтті: Мектеп медиациясы қызметі бойынша суреттер, логотиптер, бейнефрагменттер, эсселер байқауы.
Конкурстың міндеті: дауларды, жанжалдарды шешу кезінде қоғамды медиативтік технологиялар туралы хабардар ету, білім алушылар мен педагогтердің назарын білім беру ортасында туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу кезінде қалпына келтіру медиациясы бағдарламаларының тәрбиелік мүмкіндіктеріне аудару.
Конкурс  қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Iорын – Исабаева А.,  «әл-Фараби» Мектеп-лицей» КММ;
                     Жетекшісі:     З.М. Шакенова, П.О. Ғаппасова, С.Д.Есенжаулова;
IIорын – Хренова В., «№9 орта мектеп» КММ;
                         Жетекшісі: Т.В.Попова;
IIорын – Мелехова В., «№ 7 орта мектеп» КММ;
                Жетекшісі: А.Д.Чен., И.В.Гусева;
IIIорын – Кременская М., «Н.К.Крупская атындағы № 10 орта мектеп» КММ»;
                Жетекшісі: Е.В.Ефремова;
III орын – Беисенова А., «С.Шаймерденов атындағы Қалалық классикалық гимназия. Жетекшісі: Н.Б.Нурмолдин.
     Байқаудың барлық қатысушылары қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.
        Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!


2022 жылғы 11 қазанда  «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ-де ата-аналар жиналысы өтті

  2022 жылғы 11 қазанда  «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей» КММ-де прокуратура, Петропавл қаласының ІІБ, психикалық денсаулық орталығы өкілдерін, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысын шақыра отырып, ата-аналар жиналысы өтті.
Петропавл қаласының прокуратура бөлімінен А.Казбекова сөз сөйлеп, ата-аналарды кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты талдаумен таныстырды.Петропавл қ. ПБ  бастығы Э.М.Абушева кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар бойынша қысқаша статистика келтіріп, ата-аналарға балалардың тәуліктің кеш уақытында болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы еске салды.Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның хатшысы Е.Н.Завьялова 2022 жылғы 9 айдағы суицидтер бойынша статистиканы келтіріп, әрекеттердің негізгі себептерін және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл алгоритмін айтты.Психикалық денсаулық орталығының психологы И.И.Якимова балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы туралы айтып, неке қатынастары мен отбасылық тәрбие түрінің балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы жағымсыз ауытқулардың дамуына әсерін түсіндірді.

 


 


2022 жылдың 23 қыркүйегінде Петропавл қаласындағы «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназия» КММ базасында Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Байқау сынып параллельдері арасында келесі номинациялар бойынша өтті: 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде»,   5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!», 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды», 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты».  

Конкурс  қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

3-4 сыныптар арасында құрметті 1 орынды  «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ оқушысы Мадина Баяхмет алды; 2 орын  «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназия» КММ оқушысы Ақниет  Дуйшанбе және «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушысы Бағым Тұрлыбекке берілді; 3 орын  «әл-Фараби» мектеп-лицейі КММ оқушысы Аяулым Сейтжанға,  «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп-лицей»  КММ  оқушысы Жасмин Ерсиноваға,  «АБАЙ атындағы мамандандырылған қазақ-мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы Айжұлдыз Байматқа  берілді.

5-6 сыныптар арасында құрметті 1 орынды «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушысы Аягөз Нұрмахан алды; 2 орын  «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушысы  Айгерим Жусупова, «әл-Фараби» мектеп-лицейі КММ оқушысы Аружан Кажигалиева алды; 3 орын  оқушылар: «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ - Махаббат Смаилова, «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ - Айша Амантай, «Ғ.Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ – Батырхан  Қалел алды. 

7-8 сыныптар арасында құрметті 1 орынды  «АБАЙ атындағы мамандандырылған қазақ-мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы Даяна Рахимжанова алды; 2 орын  «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушысы Зарина Малькеноваға, «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ оқушысы Дана Ташкенбайға  берілді;  3 орын  оқушылар:  «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ Әміреқұл Сымбатқа , «әл-Фараби» мектеп-лицейі КММ Томирис Күленоваға, «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ Жансая Ермекке  берілді.

9-10  сыныптар арасында құрметті 1 орынды  «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушысы Анель Ахметбекова алды; 2 орын  «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ- мектеп-лицей» КММ оқушысы Ақтілек Эркеуланова және  «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушысы Аружан  Кунтуоваға  берілді;  3 орын оқушылар:  «Қожаберген жырау ат. № 6 орта мектеп» КММ Кәусар Рүстемқызына, «АБАЙ атындағы мамандандырылған қазақ-мектеп-гимназиясы» КММ Диана Амандыковаға, «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ Азилия Исабайға берілді.

Жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табысталды. Әр қатысушы алғыс хатпен марапатталды.

Облыстық кезеңде қала намысын әр номинация бойынша бірінші орын иелері қорғайтын болады.





2022 жылғы 23 қыркүйекте Петропавл қаласының орта білім беру ұйымдарында Мектеп Парламентіне сайлау өтті. Сайлау сайлау құқығы қағидаттары негізінде, яғни жалпыға бірдей, теңдік, еркін тікелей және жасырын дауыс беру қағидаттары негізінде жүзеге асырылды.
Мектеп Парламентіне депутаттар мынадай фракцияларғада сайланады:
Құқық және тәртіп фракциясы.
Ақпарат фракциясы.
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
Өзін-өзі тану және бақыт (психология)фракциясы
Қамқорлық (еріктілік) фракциясы
Мәдениет және өнер (музыкалық, көркем шығармашылық) фракциясы
Пікірсайыс қозғалысының фракциясы.
Экология және еңбек фракциясы.
Сайлауға айтарлықтай дайындық жүргізілді: мектеп сайлау комиссиясын құру; үгіт-насихат бригадаларының жұмысы, кандидаттарды ұсыну және тіркеу; кандидаттардың мектеп мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесуі, жалпы мектеп жиындарында кандидаттардың сөз сөйлеуі.
Сайлау нәтижелері қала мектептерінің әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында жарияланады.
Мектеп Парламентінің қызметі азаматтық бастамашылық сезімін тәрбиелеуді жүзеге асыруға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, оқушылардың әлеуметтік өзара әрекеттесу тәжірибесін алуға бағытталған.
23 сентября 2022 года в организациях среднего образования города Петропавловска состоялись выборы в Школьный Парламент. Выборы осуществлялись на основе принципов избирательного права, то есть, на основе принципов всеобщности, равенства, свободного прямого и тайного голосования.
Депутаты в Школьный Парламент избираются во фракции:
Фракция права и порядка.
Фракция информации.
Фракция спорта и здорового образа жизни.
Фракция самопознания и счастья (психология).
Фракция заботы (волонтерство).
Фракция культуры и искусства (музыкальное, художественное творчество).
Фракция дебатного движения.
Фракция экологии и труда.
Выборам предшествовала серьезная подготовка: формирование школьной избирательной комиссии; работа агитационных бригад, выдвижение и регистрация кандидатов; встреча кандидатов с педагогами и учащимися школы, выступление кандидатов на общешкольных линейках.
Результаты выборов размещаются на официальных страницах социальных сетей школ города.
Деятельность Школьного парламента направлена на реализацию воспитания чувства гражданской инициативности, развития лидерских качеств, получение учащимися опыта социального взаимодействия.

 


  2022 жылғы 20 қыркүйекте директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, педагог-психолог және әлеуметтік педагогтың қатысуымен «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрықты талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.  Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу тәртібіне әдістемелік ұсынымдар берілді.




 

  19 қыркүйекте «Н. К. Крупская атындағы 10 орта мектеп» КММ базасында әлеуметтік педагогтар мен психологтарға арналған  «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балалардың панасыздығы мен қадағалаусыздығының алдын алу жүйесі органдарының өзара іс-қимылы»  тақырыбында ювеналды полицияны, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін, психикалық денсаулық орталығын, қорғаншылық және қамқоршылық органдарын, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссияларды тарта отырып оқыту семинары өтті.  Аталған семинарға қаланың барлық мектептерінің педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтары қатысты.