Меню KDT

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Қорғаншылық және қамқоршылық секторы

Жыл сайын қорғаншылық және қамқоршылық секторының мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері СҚО полиция департаменті ұйымдастырған рейдтік іс-шараларға қатысып отырады.

2024 жылғы 17 қыркүйекте «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, оның мақсаты ата-ана міндеттерін тиісінше орындамайтын ата-аналарды бақылау және анықтау, девиантты мінез-құлықты балаларды, сондай-ақ кеш уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген балаларды анықтау болып табылады.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап Петропавл қаласы бойынша 18 адам ата-ана құқығынан айырылды, 5 ата-ана ата-ана құқықтарынан шектелді, 12 отбасына қатысты балалардың заңды мәртебесін анықтау мақсатында сотқа талап арыздар берілді.