Білім беру ұйымдарына 1-сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүргізіледі.
1-сыныпқа 6 жасқа толған немесе күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Тек баланың ресми заңды өкілі ғана өтініш беруге және оны мектепке тіркеуге құқылы.
Шетелдік балалар ҚР азаматтарының балалары сияқты білім беру ұйымдарына қабылдану құқығына ие. Алайда, өтініш беруші елде тиісті түрде тіркелуі тиіс.
Ата-ана https://school.petropavl.sko-bilim.agartu.kz/ru/# сайты арқылы кіріп, Петропавл қаласының барлық мектептерін көреді. Сондай-ақ ата-ана мектеп рейтингісімен танысып, педагогтердің сапалық құрамын, мектептің нәтижелілігін және т.б. біле алады.
Егер бұрын ата-ана баланы тек шағын учаске бойынша немесе бос орындар болған жағдайда ғана мектепке жібере алатын болса, қазір бос орындарға квота 3-ке 1 бөлінеді.
Өтінім беру үшін ата-ана барлық қажетті құжаттарды тіркейді (026у, 063 нысанды анықтама, туу туралы куәлік, 3*4 фотосурет). Тұрғылықты жерден анықтама талап етілмейді, өйткені сайтта тіркелу орны бірден көрінеді және Сіз осы мектепке жатасыз ба, жоқ па түсінікті болады.
Мектеп өз кезегінде сұранысты, құжаттарды көріп, оларды өңдеуге қабылдайды. База автоматты түрде шағын учаскеге жататындарды және бос орындарға үміткерлерді іріктейді. Құжаттарды қарағаннан кейін мектеп қызметкері, жауапты тұлға қабылдау немесе бас тарту туралы хабарлайды. Ата-ананың телефонына SMS-хабарлама келеді.