Меню KDT

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Хабарландырулар

 


Жарияланған күні: 04.03.2026 г.

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні ресми интернет-ресурста жарияланған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды. Өтінімдерді қабылдау «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ хабарландыру жариялаған күннен басталады.

 

Конкурсқа кемінде бір жыл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар және төмендегілерді қамтамасыз еткен ұйымдар жіберіледі:

 

  1. қулары бар балалар санаттары бойынша орын саны (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, зият, сөйлеу бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары немесе қиындықтары бар (аутистикалық спектр бұзылыстары), күрделі (қосарланған) бұзылыстары бар балалар) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген өтінішке (бұдан әрі – Өтініш) сәйкес;
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы
  3. тамыздағы № ҚР ДСМ-76 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына (№ 23890 тіркелген) сәйкес жағдайлар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар);
  4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (№ 26867 тіркелген) сәйкес жағдайлар (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары);

  5. Төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесінің болуы (дабыл түймесі, автоматты хабарлау жүйесі, оның ішінде ішкі дауыстық хабарлау жүйесі);
  6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғаныс (бейнебақылау жүйесінің болуы);
  7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (№ 26618 тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес қолжетімді орта және № 385 бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

  8. . Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығына (№ 13272 тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру;

  9. Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;
  10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 «Педагогтердің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына (№ 5750 тіркелген) сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлардың болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» бұйрығына (№ 33166 тіркелген) сәйкес штат санының болуы;

  11. № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алулар веб-порталында тіркелу.

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды электрондық форматта ([ptr@sqo.gov.kz](mailto:ptr@sqo.gov.kz) электрондық поштасына) немесе қағаз түрінде ұсынады:

Петропавл қаласының білім бөлімі құрған комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ([www.egov.kz](http://www.egov.kz) «электрондық үкімет» веб-порталы, [www.elicense.kz](http://www.elicense.kz)) арқылы алынған келесі құжаттардың болуын және жарамдылығын тексереді:

 
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама және/немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;


медициналық қызметке лицензия (медициналық көмек көрсету туралы шарт болмаған жағдайда);

ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

.мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешектің жоқтығы (бар-жоғы) туралы мәліметтер (құжаттарды конкурсқа ұсыну күнінен бұрын бір айдан ерте емес мерзімде берілген).

Өтінімдерді қабылдау басталатын күн: 2026 жылғы 04 наурызда;

Өткізу уақыты: 2026 жылғы 16 наурыз, сағат 15:00.

Өткізу орны: «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ, мекенжайы: ҚР, СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, 301-кабинет.

Анықтама телефоны: 8 (7152) 46-32-59.

























Мүдделілік білдіру туралы сұранымды орналастыру жөніндегі хабарландыру.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін құру мақсатында әлеуетті кәсіпкерлік субъектілерінен және өзге де мүдделі тұлғалардан мүдделілік білдіру туралы сұранымның орналастырылғаны жөнінде хабарлайды.
Петропавл қаласында сапалы білім беру қызметтерін көрсету және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Петропавл қаласының «Жас-өркен» шағын ауданында орналасқан 280 орындық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту объектісін (бақша) салу қажеттілігі туындап отыр.
Сұранымды орналастыру мемлекетке акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тиесілі болатын мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар жүзеге асыратын қосымша қызмет түрлері көзделетін тауар нарықтарын зерттеу жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14948 болып тіркелген.
Мүдделілік білдіру туралы сұранымның мақсаты:
жекеше сектор тарапынан мүдделіліктің бар-жоғын және деңгейін айқындау;
тиісті тауар нарығындағы бәсекелестік ортаны талдау;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мемлекеттік қатысуымен нарық субъектісін құрудың орындылығын негіздеу.
Мүдделі тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысуға әлеуетті дайындық туралы өз ұсыныстарын, ескертулері мен ақпаратын 2026 жылғы 9 ақпанға дейін ұсынуға құқылы.

Жарияланған күні: 09.01.2026ж.



2025 жылғы 29 мамырда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысы жарияланды. Байқауға 1 ұйым өтінім берді.

Байқауға жіберілген ұйым:
– «ORKEN» түзету-дамыту орталығы.

Петропавл қаласының білім бөлімі қазақ тілінде білім беретін 1-сыныптарға төмендегі мектептерде қабылдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды:

 

1

«№ 4 орта мектеп» КММ

Мира к-сі, 274

Қабылдау бөлімі: 51-24-05

Оқу ісінің орынбасары: 51-24-04

Бухгалтерия: 51-24-03

Вахта:  51-24-05

2

«№ 5 орта мектеп» КММ

Мира к-сі, 195

Қабылдау бөлімі: 51-85-03

Бухгалтерия: 51-92-88

Вахта: 51-85-03 

 

3

«Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі» КММ

 

Горького к-сі, 52

Қабылдау бөлімі: 70-59-41

 

4

«№8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық тәрбие кешені» КММ

Мира к-сі, 160

Қабылдау бөлімі: 41-22-63-

Оқу ісінің орынбасары: 41-22-63 - Бухгалтерия:

41-25-62

Вахта: 37-35-58 

 

5

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ

Победа к-сі, 5

Қабылдау бөлімі: 47-51-89

Директор:  39-80-57 

Оқу ісінің орынбасары: 47-52-19

Бухгалтерия:47-51-85

Вахта:47-51-89 

 

6

  «БЭСТ» гимназия» КММ

Жұмабаев к-сі, 97

Қабылдау бөлімі: 46-30-70

Бухгалтерия:46-90-58

Вахта: 46-54-03

 

7

«№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ

 

Егемен Қазахстана к-сі, 29

Қабылдау бөлімі: 33-32-05

Оқу ісінің орынбасары: 31-06-34

Бухгалтерия:33-61-77

Вахта: 33-32-05

8

«Әл-Фараби мектеп-лицейі» КММ

Я.Гашека к-сі, 14

Қабылдау бөлімі: 51-93-78

Директор: 50-39-48

Бухгалтерия:51-93-77

Вахта: 51-93-79

9

«Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ

ул.Сатпаева 33

Қабылдау бөлімі: 47-45-99

Бухгалтерия:37-45-99

Вахта: 37-49-32

 

10

«№ 21 орта мектеп» КММ

Тоқсан би к-сі, 94

Қабылдау бөлімі: 33-33-70

Оқу ісінің орынбасары: 33-58-87

Бухгалтерия:33-65-33

11

 «№ 23 орта мектеп» КММ

Мира к-сі,  272

Қабылдау бөлімі: 31-65-12

Оқу ісінің орынбасары: 51-23-99

Бухгалтерия:31-62-23

12

«Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта жалпы білім беретін мектеп» КММ

Илья Залманов атындағы көше,   46/1

Қабылдау бөлімі: 50-48-04

Оқу ісінің орынбасары: 50-48-34

Бухгалтерия:50-48-36

Вахта: 50-48-35

13

«Бірінші гимназия» КММ

Егемен Қазахстана к-сі , 22

Қабылдау бөлімі: 33-23-85

Оқу ісінің орынбасары: 33-14-66

Бухгалтерия:31-04-59

14

«Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT лицейі» КММ

Корпус №1   Жамбыл к-сі\,196

Корпус №2      Абай к-сі,100

(заңды)

 

Қабылдау бөлімі: 46-70-46

Бухгалтерия:46-71-52

Вахтер: 46-47-49

 

 

15

«№ 42 орта мектеп» КММ

Лазутин к-сі,  212

Қабылдау бөлімі: 31-28-16

Бухгалтерия:42-30-20

Вахта:  31-28-16

 

16

«Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ

 Бөкетов к-сі,  35

Қабылдау бөлімі: 46-27-61

 Директор: 50-26-57

Бухгалтерия:50-27-51

Вахта: 46-52-99

 

17

«Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ

М.Жұмабаев к-сі,  220А

Қабылдау бөлімі: 70-65-10

 

18

«Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Мира к-сі, 327Б

Қабылдау бөлімі: 47-26-87

Директор: 47-26-88

Бухгалтерия:47-26-90

Вахта: 47-26-10

19

«№ 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Ұлы дала к-сі, 3

32-03-37


Итоги аттестации 2024


Петропавл қаласының білім беру ұйымдарында

қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі – қағидалар) 8-тармағын орындау үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны білім беру ұйымдарына сайлау тәртібі» қағидаларының 2-бабының 10-тармағына сәйкес

Мектепке дейінгі ұйымдардағы қамқоршылық кеңестің құрамына:

1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.

Орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің құрамына:

1)осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.

7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.

Балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің құрамына:

1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері-кемінде 3 адам;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.

7)оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.

9-тармаққа сәйкес кандидаттар қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Кандидаттар кәсіби (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтер береді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 19-29 шілдесі аралығында.

Білім беру ұйымдарының тізімі қоса беріледі.

Анықтама телефоны:

465077 (орта және қосымша білім)

366419 (мектепке дейінгі білім беру)

2023 жылғы 10 наурыз

 

Сараптамалық кеңестің құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

«Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 ( мемлекеттік органның атауы) 

 Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес сараптама кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу мақсатында қалыптастырылады.

Сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатуралар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылады.

Сараптама кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

Анықтама телефоны:  8(715)2463259.

 

10 марта  2023 год

 

Объявление о формировании состава экспертного совета

КГУ «Отдел образования города Петропавловска»

КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»

(наименование гос.органа)

согласно Правил  формирования, мониторинга реализации и оценки результатов государственного социального заказа,  утвержденных  Приказом Министра общественного развития Республики Казахстан от 15 августа 2018 года № 18, объявляет о наборе кандидатов в члены экспертного совета.

Состав экспертного совета формируется  в целях проведения  оценки результатов проектов реализующихся в рамках государственного социального заказа.

Кандидатуры для включения в состав экспертного совета выдвигаются путем самовыдвижения после опубликования данного объявления в течении 10 календарных дней.

Члены экспертного совета осуществляют свою деятельность на общественных началах.

Телефон для справок: 8(715)2463259.