«ХХІ ғасыр көшбасшысы - Лидер XXI века»
13 қарашада «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектеп» КММ базасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қалалық кезеңі өткізілді. Ойынға білім беру ұйымдарынан 29 білім алушы қатысты. Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген, сондай-ақ жоғары дайындық деңгейі, тамаша логикалық қабілеттері және күрделі тапсырмаларды шешуге сенімділігі бар білім алушылар қатысып, бақтарын сынай алды.
Зияткерлік ойынның қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық кезеңде Петропавл қаласы мектептерінің командасын Коняхина Владислава («№7 орта мектеп» КММ, жетекшісі Редькина В.З.), Сейдуалиева Диана, Исмагулова Лаура («С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ, жетекшісі Жантлесова Ж.У.), Кутушев Исатай («Мұрат Айтхожин ат.№1 орта мектеп» КММ, жетекшісі Мельник А.Л.), Кельденова Аружан («Жұмабек Ташенов атындағы № 20 орта мектеп» КММ, жетекшісі Мусина Д Б.), Айдарова Аяулым («Сәбит Мұқанов атындағы № 32 орта мектеп» КММ, жетекшісі Дюсембаева Г.А.).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңінде үздіктердің қатарынан табылуға тілектеспіз.
2024 жылдың 9 қыркүйегінде оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі өтті, оған қала мектептерінің оқушылары қатысты.
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша орыс тілінде оқытатын мектептердің жеңімпаздары атанды:
1-орынды"Первые в первом" командасы иеленді ("Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей" КММ, жетекшісі: Беленкова Наталья Юрьевна).
2-орын"Non stop" командасына берілді ("Бэст" гимназиясы" КММ, жетекшісі: Прелгаускайте Полина Геннадьевна).
3-орын "Болашақ" командасында ("Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі" КММ, жетекшісі: Залелов Мирас Жанатұлы).
Пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша қазақ тілінде оқытатын мектептердің жеңімпаздары атанды:
1-орынды"Фемида" командасы ("Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп "КММ иеленді. Жетекшісі: Сүлейменов Жанкелді Сәрсенұлы.
2-орын "Альфа" командасына берілді ("Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия" КММ), Жетекшісі: Алпысбаева Нұргүл Бүркітқызы.
3-орын"Жалын" командасында ("Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп" КММ . Жетекшісі: Шупанова Жәния Жұмабекқызы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!! Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтамай, жаңа биіктерден көрініп, одан әрі өсуді тілейміз!!!
Пікірсайысты ұйымдастырғаны және өткізгені үшін бас төреші "№ 27 орта мектеп" КММ тарих пәнінің мұғалімі Х.Р. Муминовқа алғыс айтамыз.
Үздік дарынды жас мұғалімдер!
2022 жылғы 11 қарашада «Дарынды ұстаз - дарынды балаларға» Республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық туры үш кезеңнен өтті: I кезең – бес жылға дейінгі өтілі бар жас педагогтар, II –педагог-психологтар, III –тәлімгерлер.
«Дарынды ұстаз - дарынды балаларға» Республикалық педагогикалық олимпиадасы (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада) мұғалімдердің дарынды балалармен педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде – жоғары оқу орнына дейін, жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейін жұмыс жасауға дайындықтың бір түрі болып табылады.
Олимпиада қағидалары ҚР «Білім туралы» Заңына, 2020-2025 жылдарға арналған ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, ҚР жаңа формациялы педагогтың үздіксіз педагогикалық білім берудің тұжырымдамасына сәйкес жасалған.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиаданың мазмұны нақты білім беру процесі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлікті, кәсіби педагогикалық қызмет саласында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі анықтау қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды көздеді.
Олимпиадаға 26 жас педагог қатысты. Біздің кәсіби әріптестеріміз әр қойылымды үлкен қызығушылықпен бағалады!
Рөлдік ойын элементтерін, білім беру процесінде педагогикалық мәселелерді шешу жобаларын қолдана отырып, педагогикалық қызметтің көптеген талантты фрагменттері болды. Бізді жас әріптестеріміздің белсенді кәсіби ұстанымы, батылдығы мен дербестігі ерекше қуантты.
Облыстық турда біздің мектептер атынан «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі Абразахов Нурсеит Абдурашидович, «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ тәлімгері Рашева Саида Сәметаевна, «№ 5 орта мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі Подлесная Екатерина Андреевна, «Дарын» мектеп-лицейі» КММ педагог-психологы Байкадамов Дамир Вадимович қатысады.
Байқаудың сәтті және жемісті болуын тілейміз!
«№4 орта мектеп» КММ директоры Г.С. Бустековаға олимпиаданың қалалық турын өткізуге қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдіреміз.
Біздің жетістіктеріміз!
(2022-2023 оқу жылындағы Республикалық ғылыми жобалар және «Зерде» 2-7 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы)
Қазіргі кезеңде білім беру процесін ұйымдастыруда оқушылардың әртүрлі қызмет түрлерін (атап айтқанда, зерттеу және жобалау) игеру міндетін қою маңызды болып табылады, бұл әмбебап құзыреттер мен дағдыларды дамытудың негізгі шарты болып табылады. Жылдам өзгеретін өмір бізді адам өміріндегі зерттеу мінез-құлқының рөлі мен маңыздылығын және білім беру тәжірибесіндегі зерттеу әдістерін қайта қарауға мәжбүр етеді. Зерттеушілік ізденістер мен дағдыларды міндетті түрде өмірімен байланысты немесе ғылыми жұмыспен байланысты адамдар үшін ғана емес, әр адамға қажет екендігі айқын бола бастады. Сондықтан қазіргі мұғалімдеріміздің мектептегі баланың оқу әрекетін ғылыми-зерттеу және жобалық іс-әрекетке барынша жақындатуға ұмтылысы онжылдық декларациядан бірте-бірте нақты қажеттілікке айналады. Әр сабақта мұғалім шағын жобаларды, шағын зерттеулерді білім беру тәжірибесінде қолданады. Өз бетінше әрекет ету дағдыларын, яғни өз материалын жинақтау, оны талдау және жалпылау, ғылыми түсініктеме беру, өзіндік қорытынды жасау қаншалықты құнды және мағыналы болып табылады. Оқушылардың жобалық жұмысы бұл жалпы мақсаты, келісілген әдістері, іс-әрекеттің жалпы нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған әдістері бар оқушылардың бірлескен оқу-танымдық, шығармашылық немесе ойын әрекеті. Жобалау қызметінің міндетті шарты қызметтің түпкілікті өнімі, жобалау кезеңдері (тұжырымдаманы әзірлеу, жобаның мақсаттары мен міндеттерін, қызметтің қолжетімді және оңтайлы ресурстарын айқындау, жоспарды, бағдарламаларды құру және жобаны іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру) және жобаны іске асыру туралы алдын ала әзірленген идеялардың болуы, оның ішінде оның түсінілуі мен қызмет нәтижелерінің рефлексиясы болып табылады. Осы маңызды қызметтің көрсеткіші мен нәтижесі төрт кезеңде өтетін «Зерде» 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының байқауы болып табылады. I кезең-мектепішілік кезең (ол сәуір-мамыр айларында өткізіледі), содан кейін қалалық кезең (12-13 қазанда өтті, онда 2-4 сыныптардың 165 оқушысы және 5-7 сыныптардың 174 оқушысы қатысты), содан кейін облыстық (іріктеу) және қорытынды республикалық кезеңдер. 2022-2023 оқу жылында облыстық кезең 4 қарашада келесідей облыстық мекемелер базасында өткізілді: 2-4 сынып оқушыларына арналған секциялар «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ-де.
5-7 сынып оқушыларына арналған секциялар «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ-де өтті.
Петропавл қаласындағы білім беру ұйымдарының командасы қалалық кезеңде 1-ші орын алған 19 оқушыдан құралды!
Әр қатысушы үшін шын жүректен қуануға болады, себебі әркім өзінің жобасын лайықты түрде ұсынып, барлық қатысушылар нәтижелі бола білді! Бес жас зерттеушімыз республикалық байқауда біздің облыстың атынан қатысады! Ақтық кезеңде олар ең үздік болады деп үміттенейік!
Жас зерттеушілерімізді құттықтай отыра шығармашылық қызметтерін жалғастыруларына тілектеспіз!
2022 жылғы 31 қазанда «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңі болып өтті. Фестивальдің мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң...» бағыттары бойынша қала мектептерінен 9 мұғалім қатысты.
«Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша «№5 орта мектеп» КММ мұғалімі Калеганова Лариса Евгеньевна бірінші орын алып, облыстық кезеңге өтті. ІІ орынды «№5 орта мектеп» КММ мұғалімі Сафонова Екатерина Александровна мен «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі Азықанова Гүлзада Ермекқызы бөліссе, ІІІ орынды «Бірінші гимназия» КММ мұғалімі Аубакирова Айгерім Жұмабайқызы, «№5 орта мектеп» КММ мұғалімі Татаренко Владимир Николаевич пен «№5 орта мектеп» КММ мұғалімі Алимова Наталья Маратовна иемденді. Белсенді қатысқаны үшін «Бірінші гимназия» КММ мұғалімі Панчайкина Лилия Гаязовнаға «Алғыс хат» берілді.
«Шығармашыл толқын» бағыты бойынша «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Латыпова Қарлығаш Темірғалиқызы бірінші орынды иемденіп, облыстық кезеңге жолдама алса, «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ мұғалімі Исина Әсел Сәнқызы облыстық кезеңде қала намысын қорғайтын болады.
Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
Қазақстан Республикасы күніне арналған «Мектеп Парламентінің үздік Президенті» қалалық жыл сайынғы конкурсының ЕРЕЖЕСІ
7-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ҒЫЛЫМНЫҢ БАСТАУЫНДА…»
ЖМҒ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жылдың 12-30 мамыры аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізу жоспарланып отыр (онлайн форматында).
Жоғарыда аталған акция шеңберінде келесіні өткізу көзделген:
1) 10-15 жас аралығындағы (10 жастан бастап 12 жасқа дейін, 13 жастан бастап 15 жасқа дейін) балалар үшін «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына а.ж. 12-25 мамыры аралығында үздік сурет республикалық конкурсын;
2) «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына а.ж. 12-30 мамыры аралығында үздік ұран республикалық конкурсын (14 жас және одан үлкен жастар санаты арасында).
Осы конкурстардың жүлделі орнына сый ретінде планшетжарияланды!!!
Біздің облысымыздың азаматтарын, жастарын ықылассыз қарамай, конкурсқа белсенді қатысуларын сұраймыз! Өтінімдерді қабылдаудың мерзімі а.ж. 25 мамырына дейін.
Конкурстарға қатысуға өтінімдерді рәсімдеу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөліміне 33-39-63 телефоны бойынша жүгінуіңізге болады.
«Контрафакт» тақырыбындағы үздік ұран байқауы туралы ЕРЕЖЕ
«Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы үздік сурет байқауы туралы ЕРЕЖЕ
Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілетін үкіметтік емес ұйымдардың 2021 жылға арналған әлеуметтік маңызды жобаларды орындауы бойынша Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Конкурс (мақсатты аудитория бойынша) 2021 жылғы ақпан-желтоқсан
Құжатты жүктеу