Меню KDT

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Мемлекеттік білім беру тапсырыстары

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ 08.06.2019 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өтетіні туралы хабарлайды.

Конкурс қорытындысы бойынша алдын ала рұқсат беру туралы шешім шығарылды:

«Қуырмаш»бөбекжай-бақшасы, «ТайРам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашылды және толық күн болатын 14 бала қамтамасыз етеді.

Ұсынылды:

12.06.2020 жылға дейін келесі құжаттардың көшірмелерін ұсыну:

1. 2015жылғы қазан айындағы мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы;

2. Бір ай мерзімнен ерте емес мерзімі бар берешектің жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
3. Директор Д. С. Тайжановты тағайындау туралы растайтын құжаттар;
4. Тәрбиешінің педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері.


«ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ»  КММ


Петропавл қаласының жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

Өтінімдер хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Конкурс 2020 жылғы 06 маусымда мына мекен-жайда өтеді: СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,23, каб.№14. сағат 15.00 -де
Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке меншік ұйымдары келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;;
2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі,мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысы, банктен берешектің жоқтығы туралы анықтама, құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан ерте емес күні бар берешектің жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (жекеменшік немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №217 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 тіркелген) бекітілген «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
5) медициналық кабинетке лицензияның немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы туралы көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек білім беру органдарының жолдамасы бойынша балаларды қабылдау және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-ана төлемінің тарифінен аспайтын мөлшерін белгілеу туралы Өнім берушінің міндеттемелері. Белгіленген нысан бойынша. 
7) тәрбиешілердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен куәландырылады және конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.      

Растайтын құжаттар:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 қаулысымен бекітілген» «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  Санитариялық қағидалары талаптарына қызмет көрсетудің сәйкестігі.
(бұдан әрі– санитариялық қағидалар  )  
  • Санитарлық қағидалар бойынша материалдармен және жабдықтармен жарақтандырудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;                                                                                                                                                    
  • Тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларының стандарт талаптарына сәйкестігі.                                                                                                            
 
 Анықтамалар үшін телефон  : 50-11-78,36-64-19