Меню KDT

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Жаңалықтар арнасы
 

 

2023 жылғы 27 қыркүйекте  «BEST» гимназиясы» КММ базасында «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылған мектеп директорларына, мектептің медициналық қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлерге келесі сұрақтар бойынша семинар- кеңес өткізілді.

 

- ыстық тамақты ұйымдастыруға қойылатын санитариялы-эпидемиологиялық  талаптар;

 

 - тағамнан уланудың алдын алу;

 

- Петропавл қаласы бойынша 2023 жылғы 8 айға жіті ішек жұқпалы аурулары ЖІЖА және сальмонеллез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай.

 

- өндірістік бақылауды өткізу бойынша қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар;

 

- қызметкерлерді алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден өткізу ережелері


Ведомствоаралық сараптама тобы бекітілген кестеге сәйкес тамақтану сапасына мониторинг жүргізеді. Оның мақсаты білім беру ұйымдарында оқушыларды ыстық және буфеттік тамақпен қамтамасыз ету болып табылады. Мониторинг қалалық мәслихат депутаты Күлімкөз Қайырбайқызы Смаилованың қатысуымен өтті. Мониторинг барысында бұзушылықтар анықталған жоқ, барлығы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келеді.








2022 ж 29 қыркүйек күні «№7 орта мектеп» КММ базасында білім беру ұйымдары басшыларының, жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ қаланың санитарлық қызметінің басшысы Г. С. Шарипованың қатысуымен кеңес өтті.
СЭС өкілдері кеңеске қатысушыларды облыстағы эпидемиологиялық ахуалмен таныстырды, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға сапалы тамақ беру бойынша санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау бойынша ұсынымдар берілді. Буфеттік тағамға баға белгілеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

 Петропавл қаласы мектептерінің асханаларында ыстық тамақты ұйымдастыру және жұқпалы аурулардың, оның ішінде тамақтан уланудың алдын алу жөніндегі кеңестің хаттамасы



Ведомствоаралық сараптама тобы өнімнің сапасын және сәйкестік сертификаттарының болуын анықтау бойынша мониторингтік іс-шаралар жүргізеді.



2022 жылғы 21 қыркүйекте жеке кәсіпкерлердің өкілдерімен, оның ішінде 1Ботақан1 ҚБ төрағасымен, сондай-ақ мектеп директорларымен білім басқармасы деңгейінде жұмыс кеңесі өткізілді.