Аналар күні - әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу және аналарға махаббаты мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін аталып өтетін маңызды мереке. Әрқайсымыз үшін дүниеде анамыздан қымбат ешкім жоқ. Біздің ең қастерлі құндылықтарымыз «Ана – Жер», «Отан – Ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Әке ұл өсіреді, ана ел өсіреді» деген халық даналығы ерекше маңызға ие. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда алғаш рет тойланып, 12 мамырға сәйкес келеді. Көктемнің осынау тамаша күнінде мектебіміздің оқушылары аналарын мерекелерімен құттықтап, оларға деген ыстық лебіздерін, алғыстарын білдірді.