8 Наурыз мерекесі қарсаңында 1-сыныпта " Біз анамыздың күлімсіреуінен жылынамыз" атты ертеңгілік өтті.
Балалар осы күнге мұқият дайындалды: дайындық жасап, бейнелеу өнері сабағында аналардың портреттерін салды, құттықтау хаттары мен сыйлықтар дайындады. Ертеңгілікте балалар аналарын, әжелерін, мұғалімдерін, сыныптастарын әсерлі әндерімен, әдемі билерімен, шын жүректен айтылған құттықтау сөздерімен, көктемгі ертегісімен және отты частушкаларымен құттықтады. Барлық әйелдерді, қыздарды көктемгі нәзіктік пен сұлулық мерекесімен құттықтаймыз! Дендеріңіз сау болсын, бақытты болыңыздар!