Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст


  

                                                              Жарияланған күні:2025 ж. 29.05

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

 

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі ресми интернет-ресурста конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштерді қабылдау «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ хабарландыру жарияланған күннен басталады.

    Конкурсқа кем дегенде бір жыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар және келесілерді қамтамасыз ететін ұйымдар қатысуға жіберіледі:

1) № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзушылықтар (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылдың бұзылуы немесе қиындықтары (аутизм спектрінің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылулары бар балалар) санаттары бойынша орындар саны осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке сәйкес (әрі қарай  – Өтініш);

2) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелді) ( әрі қарай – Санитарлық ережелер);

3) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелді) (әрі қарай – Өрт қауіпсіздігі ережелері);

4) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ескерту (дабыл түймесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дауыстық хабарлау жүйесінің болуы);

5) «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғау (бейнебақылау жүйесінің болуы);

 6) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған арнайы жағдайлар, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

7) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелді);

8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

9) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелді) және  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес штат саны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелді);

10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта (ptr@sqo.gov.kz электрондық пошта мекенжайы) немесе қағаз түрінде хабарландыру орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады.

1) өтініш;

2) ұйым басшысының қолымен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі бар жылжымайтын мүлікке немесе жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

Петропавл қаласының білім бөлімі құрған комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы алынған келесі құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады («электрондық үкімет»  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы):

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/ немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

2) медициналық қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;

3) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) конкурсқа құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Өткізу уақыты 2025 жылғы 3 маусым сағат 15.00-де.

         Өтетін орны – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ СҚО, ҚР  . Конституция Қазақстан көшесі,23, 301 каб.

         Анықтама үшін телефон: 8(7152) 46-32-59.

 


5 "в" сыныбының - "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбына өткізген тәрбие сағаты


Тақырыбы:      «Мен өз елімнің патриотымын»
Мақсаты:
  1. Оқушыларды Ұды дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
  2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
  3. қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, Елбасы суреті, Астана суреті, қанатты сөздер, бейнероликтер.
Барысы:
Негізгі бөлім:  – Cәлеметсіздер ме оқушылар, ата-аналар! Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын. “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Бейнеролик: «Елім менің»
Ой шақыру.
Мұғалімнің сөзі: - Отан деген не? (Балалардың пікірлері)                                                                                                        – Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып-өскен ауыл. Отан - бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.                                                                                                          
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
-  Сонымен қатар Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қабылдаған болатын. Бұл бағдарламада тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын ұсынды. Олар: бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Осы бағдарламада бірнеше міндеттерді орындап, іске асыру керектігін айтқан болатын. Олар: латын әліпбиіне көшу, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру. Осының барлығы Жаңа Қазақстандық Патриотизмді орнату арқылы МӘҢГІЛІК ЕЛ болу (Мәңгілік Ел анықтамасын айтып өту).
- Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік Ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік Ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Бейнеролик: «Менің елім - Қазақстан»
Мағынаны тану.
Үш топқа қағаз таратылады, оқушылар берілген қағазға патриот болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндіріп өтеді.
Постер қорғау: «Патриот деген ол ….»
- Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
- Туған жерге деген ыстық сезім;
- Ата- баба өсиетіне адал болу;
- Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
- Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
- Ана тіліне деген құрмет;
- Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
- Елдің тарихын құрметтеу;
- Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
- Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
- Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
- Заңға бағыну;
- Үкіметті сыйлау;
- Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
- Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
- Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
- Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
- Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
- Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
- Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
- Әлемдегі спорттық және басқа да біздің  жеңістермен мақтанатын адам.
- Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
- Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
- Елі үшін  өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
- Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.
- Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
- Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
- Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
- Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.
- Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын  мақтан тұтады.
- Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.
Сұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары.
  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар, шаңырақ, жұлдызша, күн)
  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
  3. «Отанды қорғау» дегенді қалай түсінесің?
  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр? (Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан)
  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев.)
  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жылболды? (550 ж)
  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
  10. Конституция күні? – (30 тамыз)
  11. Ең алғаш Конституция қай жылы қабылданды? – (1993 жылы 28 қаңтар)
  12. Облысымыздан шығатын газет? –
  13. ҚР тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл толады? (27 жыл)
  14. ҚР рәміздер күні қай күні тойланады? ( 4 маусым)
Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.
Мен ...............................................таныстым.
Маған ................................................оңай болған жоқ.
Мен .........................................................қол жеткіздім.
Мен ...........................................................істей алдым.
..................................................болса жақсы болар еді.
Менің .......................................................есімде қалды.
Мен ...........................................................істеп көремін.
 
 
Бейнеролик: «Мен өз елімнің патриотымын!»
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат, патриот екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
                         Өткеніңді еске алсаң,
                         Өскеніңнің белгісі.
                         Өткеніңді ұмытсаң,
                         Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр:“ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.

  

  
 
 
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь