2017 жылдың 19 сәуір күні жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында дәстүрлі ХVІІI қалалық Абай оқулары және VІІI қалалық Махамбет оқулары өтті. Байқауға қала мектептерінің 5-11-сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар 3 аталым бойынша сынға түсті. Олар мәнерлеп өлең оқыды, құйқылжытып ән орындап, күй тартты және жүректен шыққан өз төл туындыларын таныстырды.
Мектебімізден барған оқушылар бойынша айта кетсек, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай және Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту бойынша 1-номинацияда 6 сынып оқушысы Кабдрахманова Айханым І орын (мұғалімі Утегенова А.Қ.), «Көңілім әнді ұғады» өз шығармаларын орындау бойынша 3-номинацияда 6 сынып оқушысы Ашимова Меруерт Алғыс хатқа (мұғалімі Кулушова Г.Қ.) ие болды.
Ал Махамбет оқулары бойынша «Ел құтқарар ер едім...» Махамбет өлеңдерін жатқа айту бойынша 1-номинацияда 6 сынып оқушысы Жора Гүлзат ІІ орын (мұғалімі Утегенова А.Қ.) иеленді.
Әділқазылар тарапынан Абай мен Махамбет оқуларында сынға түсіп жатқан оқушылардың талабы зор деген тілектер айтылды. І орын алған оқушылар облыстық сайысқа қатысатын болады. Облыстық сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік және толағай табыстар тілейміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау