Жас маман он күндігі аясында 1«Ә» сыныбында 20 сәуір күні «Animals like» тақырыбына, ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларға «The Present Simple» жаңа грамматикалық материалды түсіндіру, жаттығулар арқылы білімді жетілдіру, жаңа сөздермен таныстыру. Сонымен қатар өткен лексиканы қайталау оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім. қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, сыныпта ағылшындық орта қалыптастыру. Сабағымның басында оқушылардың қызығушылықтарың ояту үшін фонетикалық жаттығуды қолдандым, нәтижесінде сыныптағы барлық оқушылар дыбысты дұрыс дыбыстап, сөздерді қатесіз оқыды. Сабағымда диалогтық оқытуды қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын арттырумен қатар білім деңгейлерінің жоғарылауына ықпал еттім. Грамматикалық тақырыпты оқушылар берілген видео-өлең арқылы тез ұғып алды. Өздерінің мысалдарын келтіріп, мұғалімге сұрақ қоя білді. Жануарлар лексикасын қайталау және қызығушылықтарын ояту мақсатында видеодан үзінді көрсеттім, қарап болғаннан кейін «Old MacDonald» ойынын өткіздім. Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, сөйлемдерді қатесіз оқи алды, топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасты. Сабақ үстінде әр-алуан әдіс – тәсілдер қолданылды, видео – өлеңдер, сабаққа арналған презентация да балалардың көңілінен шықпады. Сабақ өз мақсатына жетіп, сабақтың тақырыбы айқындалды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Маженова Меруерт Аблаевна
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау