7 ақпанда өзін-өзі тану пәнінен «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбындағы ашық сабағын 2 «В» сыныбында өзін-өзі тану мұғалімі Г.А.Жанахметова өткізді. Сабақ барысында мұғалім тұлғаның бойында кездесетін еңбекқорлық пен еріншектік туралы айта келіп, баланың жан-жақты қалыптасуы үшін ата-ана мен мектеп, достарының қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттілік қасиеттері кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігін сөз етті. Сонымен қатар оқушылар топқа бөлініп әр топ жеке тапсырмалар орындады.Топтық тапсырмаларда бір топ еңбек тақырыбында өлең шығарса келесі топ еңбекке байланысты мақал-мәтелдер айтты.Кейін,еңбек тақырыбында әр отбасындағы еңбек етудің маңыздылығы жайында балалармен пікір алмасу болды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау