Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Әңгіме кейіпкерлері

 

Жас мамандар апталығының аясында бүгін, яғни 2017 жылдың 19-сәуірінде 6 "А" сыныбында қазақ әдебиетінен "Әңгіме кейіпкерлері" атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабағымның мақсаты: шығарма мазмұнын қайталай отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдау, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақ барысында алға қойған мақсатқа жеттім деп есептеймін. Сабағымды «Екі қолды бір уақытта жұмылдыру» ойыны арқылы сыныпта психологиялық ахуал туғызып, қызығушылығын арттырдым. Шығарма мазмұнын еске түсіру мақсатында "Он сұрақ" әдісін қолданындым. Оқушылар үшін жаңа әдіс болғанмен, белсенді атсалысты. Сабақта топтық жұмыстар да орындалды. Басты кейіпкердің іс-әрекетін оқушылар "Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы" әдісі бойынша талдады. Сабақты бекіту мақсатында "Креативті тест" әдісін пайдаландым. Осы әдісті қолдану арқылы оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтадым. Топ басшыларының бағаларын ескере отырып, қорытынды баға шығардым. Оқушылар сабақтан алған əсерлерімен бөлісті.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь