Құрметті оқушылар! Бүгін 12 сәуір – Дүниежүзілік ғарышкерлер және авиация күні.
Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды.
Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылдың 9 наурызында Ресейдегі Смоленск облысының Клушино ауылында дүние келген. Бірінші сыныпқа 1941 жылы барған ол неміс оккупациясының әсерінен 1943 жылы ғана оқуын жалғастырды. Осылайша 6 сыныпқа дейін мектеп табалдырығын тоздырып, одан соң, кәсіптік училищеге түсіп, білім алуын жалғастырды.
Гагарин 1951 жылы Саратовтағы индустриалды техникумға түсті. Сонымен қатар, аэроклубқа барып жүрді. Осылайша бір жылдан соң, алғаш рет Як-18 ұшағына отырып, ұшу бақытына ие болды. 1957 жылы Орынбордағы ұшқыштар училищесіне түсті. Кейінірек медициналық тексеруден өткеннен кейін, 1960 жылы ғарышкерлікке кандидат атанды.
1961 жылы оның өмірінде ерекше оқиға орын алды. Осы жылдың 12 сәуірінде Гагарин «Восток» кемесімен ғарышқа ұшып, жерді айналып шықты. Осы батылдығы үшін ғарышкерге Хрущевтың нұсқауымен майор атағы берілді.
1968 жылдың 27 сәуірінде УТИ МиГ-15 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы Юрий Гагарин мен полковник Владимир Серегин қаза тапты. Оның туған қаласы қазіргі таңда өзінің есімімен аталады.
Араға бірнеше жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан « Союз ТМ - 13»кемесімен ғарышқа ұшты. Онда
ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.
Талғат Мұсабаев 1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы аулында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Рига қаласындағы авиация инженерлік институтын, кейін Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірген. 1986 жылы азаматтық авиацияның 30 жаттығу дайындығынан өтіп, осы саланың ұшқышы мамандығын алды. Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.
Айдың Айымбетов ғарышқа ұшқан үшінші қазақ. Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған облысы, қазіргі Алматы облысы
Талдықорған ауданы Заря Коммунизм ауылында туылған. 1989 жылы және 1993 жылы «ұшқыш-инженер» біліктілігін ала отырып, Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін аяқтады.
2002 жылы 9 қарашада ресейлік өкілдердің қатысуымен Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды іріктеу бойынша ҚР Үкіметінің жанындағы комиссия отырысында А.Айымбетовті Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағына енгізу ұсынылды.
2012 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысымен А.Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді
2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесі ұшты
Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау