Шығармашылық есеп Тасқұл Ақнұр Мақсұтқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Қазақ мектеп-гимназиясы
Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің де бойында болуы керек. Өз білімімді үнемі толықтырып, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгеріп, шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат етіп - ұстаздық жолды таңдадым. Бүгінгі күні Қазақ мектеп-гиминазиясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Осы аталған мекемеде 2015 жылдан бері қызмет атқарып келемін. Білімім - жоғары.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын өзіміз оқытып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде заманауи оқыту технологиясының элементтерін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып отыруға тырысамын.Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу.
Пәнді оқытуда «Жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отыра оқушылардың жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту» мәселесімен жұмыс атқарамын.
Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға үйрету мақсатында еңбек етудемін.
Қазіргі заман талабына сай ұстаз оқушының өз бетімен білімді игере алуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуі тиіс. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. Оқытуда оқушылардың ғаламтор желісі, кестелер, суреттер, оқулық дәптермен жұмыс істеу іскерліктері артады.
Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
- жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу;
- ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар беру;
- қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
- оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық, топтық жұмыстар арқылы ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, білім деңгейінің жоғарлауына әсерін тигізеді.
Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Өз сабақтарымда оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, заманауи құрылғыларды, оның ішінде интербелсенді тақтаны, ноутбук, проекторларды пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамыта түстім. Сабақ барысында дарынды талантты балалармен және үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмаларды орындатамын. Әр сабақтың материалын өмірмен байланыстырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға көп назар аударамын. Сабақтан тыс уақытта да оқушылардың бойында зерттеушілік қабілеттерін оятып, қосымша материалдармен жұмыс жасау арқылы ғылыми жобалар орындатамын.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқушыларым қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатыса отыра өз көрсеткіштерін, жетістіктерін көрсетуде. Атап өтсем, қалалық олимпиадаларда оқушыларым ІІ, III дәрежелі құрмет грамотасымен марататталды.
Әрбір іс - әрекет, әсіресе, мұғалімнің өткен жұмысы туралы бағасы мен болашақтағы бағдарламасына есеп беру керек. Мұғалім жұмысының мазмұнын құру үшін үзбей білім беру, кәсіби шеберлікті жоғарлату әрбір мұғалімнің шығармашылық қабілетін жетілдіру мәселесі болып табылады.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі. Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер