Бірінші блокта аталмыш мектептің ұстаздары Балаганова Н.К. тренинг, Абилева Г.А. кері байланыс, Кусаинова Г.И., Шаяхина Ж.Н., Майсатаева А.Б., Топышева Х.Т., Амантаев Н.А., Хусаинова Г.З., №20 орта мектептің ұстазы Казиева А.Т., №42 мектептің ұстазы Какенова А.Б. сабақтар топтамасы арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында істелініп жатқан іс-тәжірибиелерін көрсете алса, екінші блокта Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Какпенова С.З., Тулебаева А.К., Рахметова Л.З., Батыров Б.Е. озық педагогикалық шеберліктерімен бөлісті.
Семинар барысында функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілгені және осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілгені айтылды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында білім алушылар үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатқаны айтылды.
Кусаинова Г.И. мен Шаяхина Ж.Н. сын тұрғысынан ойлаудың ББҮ, ЖИГСО, кластер, фишбоун, РАФТ стратегияларын тиімді пайдалана алды. Әр тапсырма өмірмен байланыста құрастырылған. Амантаев Н.А пен Хусаинова Г.З. ақпараттық технологияларды пайдаланып, геометрия және информатика пәндерін тиімді ұштастырды. Сабақ барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлана отырып, жаңа бағдарламаларды меңгеруге дағдыланы бірден байқалды. Майсатаева А.Б. мен Топышева Х.Т. математикалық сауаттылық пен үштілділік саясатты орындау мақсатында геометрия және физика сабақтарын кіріктіре отырып ағылшын тілінде жүргізгендері ұстаздарды таң қалдырды. Және осы тәсіл Назарбаев Зияткерлік мектебінде Какпенова С.З. өткізген сабақта жалғасын таба білді. Қай сабақты алмасақ та оқушылар үш тілде еркін сөйлеп ойларын жеткізе алды.
Семинар тыңдаушылары алғыстары мен ұсыныстарын айту барысында семинардың тиімділігіне кеңінен тоқталды. Онда жаңа ақпарат алғандықтарын, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың түрлерін көргендіктерін, математикалық сауаттылықты дамытудағы іс-әрекеттердің дұрыс жолға қойылғандығын айтып, алғыстарын білдірді.
Семинарды өткізуге ат салысқан ұстаздарымызға алғыстарымызды білдіріп, педагогикалық еңбек жолында шығармашылық табыс тілейміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау