Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Шығармашылық есеп Кусаинова Гүлнар Ибрагимқызы

Шығармашылық есеп
Кусаинова Гүлнар Ибрагимқызы

Мен, қазақ мектеп-гимназиясының математика пәнді мұғалімі Кусаинова Гүлнар Ибрагимқызы, математика пәнін  оқытуда «Жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отыра жеке тұлғаның танымдық даму қабілеттерін қалыптастыру» мәселесімен жұмыс атқарамын.

Өз сабақтарымда оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып,заманауи құрылғыларды,оның ішінде интербелсенді тақтаны, планшет, ноутбук, проекторларды пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытуға жұмыс атқарамын. Кембридж бағдарламасы бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдана келе оқушыларыммен әр сабақта топтық, жұптық жұмыс түрлерін жүргіземін.Сабақ барысында дарынды, талантты балалармен және үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмаларды орындатамын. Сабақтың материалын өмірмен байланыстырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға көп назар аударамын. Сабақтан тыс уақытта да оқушылардың бойында математикалық қабілеттерін оятып, қосымша материалдармен жұмыс атқарамыз. Сонымен қатар байқауларда оқушыларымды әрқашан даярлаймын,осының арқасында көптеген жетістіктерге жетудемін Соның нәтижесінде оқушыларым қашықтық олимпиадаларда жүлделі 1,2,3 орындарға ие болды. Қалалық математика пәні бойынша олимпиадаларда жыл сайын оқушыларым 2,3 орын иегері атанды. “Зерде” ғылыми жобалар сайысы бойынша қалалық және облыстық кезеңінде 1,2 орындарға ие болды. Электронды оқыту жүйесіндегі кітапхана ресурстарындағы пәнге берілген мультимедиалық түсіндірмелер  мен тест тапсырмасын оқушыларға орындатамын.

Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда. «Қалыптастырушы бағалау-оқыту сапасын арттырудың тиімді жолы» тақырыбында республикалық  семинарда,  “Оқытудың белсенді әдістері”, “Математика сабақтарында оқушылардың оқу танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда критериалды бағалаудың ролі” облыстық семинарларда, “Математика пәні бойынша оқушылар біліміндегі ақауларды жою үшін оқытудың интерактивтік әдістерін қолдану”, “Математика сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру ”  қалалық семинарларда өзімің іс-тәжірибеммен бөлісіп, сабақтар, коучингтер өткіздім.

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін.

 

Қазақ мектеп-гимназиясының директоры                                    Б.Ахмадиқызы


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь