Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Мен мамандығымды мақтаныш етемін КулмаганбетоваТендик Саркеновна Бастауыш сынып мұғалімі

Эссе
Мен мамандығымды мақтаныш етемін
КулмаганбетоваТендик Саркеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ мектеп-гимназиясы

 

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де қоғамның тірегі боп қала бермек. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең басты мәселе болып табылады.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде ұстаздар алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім,міне,осы.Өйткені,әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.

Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында.

Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын.

Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.

Конфуцийдің «Маған жәй айтсаң-ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс - әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

Сапалы білім негізі жан- жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын.

Құзіреттілік жаңа формация педагогіне тән қасиет. Яғни сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану,оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Оқушыны пәнге қызықтыруда назар аударатын негізгі мәселенің бірі баланың таным белсенділігін арттыру болып табылады. Оқушының танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса оны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек.

Сабақ үстіндегі оқушылармен жүргізілген жұмыстар олардың өздерін әрекетке қосады, яғни олар ой толғайды, талдау жасайды, меңгерген мазмұнын қорытады. Осылайша шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын,қабілет бастауы ашылады. Шәкірттердің оқулық материалымен шектелмей, ізденгені, өзіндік ойын, тұжырымын айтуға талпынуы бұл- менің ғана жетістігім емес, қазіргі жеке тұлғаға бағытталған оқыту жағдайындағы оқу процесінің нәтижелігінің шарты болып табылады. Мұғалім өз жұмысын оқушының өздігінен білім алуына бағыттауы қажет екенін білдім. Мұғалімнің тығыз ынтымақтастығында бола отырып, оқушы өз дамуының жаңа сатысына бірте-бірте көтеріледі. Шынында да шәкірттерім өз көзқарасын дәлелдей алатын, өз ойын көпшілік алдында қысылмай айта алатын дәрежеге жетті.

Оқушы бойындағы оқуға деген қызығудың аз да болса көрінісін дер кезінде байқау, танымдық қызығуды біртіндеп қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасау, оқушының ойын ояту түйінді сұрақ қою, оны таңғажайыптармен таңырқата білу, белсенді өзіндік іс-әрекеттерге қатыстыру, міне бүгінгі таңдағы мектеппен мұғалімнің басты міндеті болып отыр.

Сөз соңында әрбір шәкіртке жүйелі білім нәрін сусындатуға қадам жасап жатқанымды мақтаныш етемін.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь