Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Педагогтің кәсіби қызметінің шығармашылық есебі Базарбаев Жандос Жантасұлы Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Педагогтің кәсіби қызметінің шығармашылық есебі
Базарбаев Жандос Жантасұлы
Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген. Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардың шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.

Ұстаздық қызметте болғаннан соң, қоғамдық жұмысқа да белсене араласамын. СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өткізген «Отбасы-алтын діңгек» байқауына отбасымен қатысып ІІІ орын иелендік. 2009 ж. бастап мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайландым. Төрағалық еңбегімнің нәтижелері: «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының СҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы-2015 ж., Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасы-2015 ж., «Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі-2016 ж.

«Дені саудың – жаны сау» қағидасына сай шәкірттерді саламатты өмір салтын насихаттай отыра, дені сау, көкірегі ояу, білігі мықты, білімді, бәскеге қабілетті жеке тұлға ретінде, жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отыра «шаңғы жүрістерін үйрету арқылы оқушылардың саортқа деген қызығушылығын арттыру» әдістемелік тақырыбында жұмыс жасаудамын. Ұстаздың еңбегі оқушының жетістіктерімен өлшенеді десек, соңғы жылдар ішінде қол жеткізген табыстарым:

Облыстық оқушылар спартакиадасында орыс лаптасынан ІІІ орын, 2014 жыл. Қалалық, облыстық шаңғы жарыстарында ІІ, ІІІ орын. 2015 ж.

Қорытындылай келе, сабақтарымның үнемі қызықты, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты болуын қарастырып отырамын.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь