Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген. Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардың шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.
«Дені саудың – жаны сау» қағидасына сай шәкірттерді саламатты өмір салтын насихаттай отыра, дені сау, көкірегі ояу, білігі мықты, білімді, бәскеге қабілетті жеке тұлға ретінде, жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отыра «Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру» әдістемелік тақырыбында жұмыс жасаудамын. Ұстаздың еңбегі оқушының жетістіктерімен өлшенеді десек, соңғы жылдар ішінде қол жеткізген табыстарым:
Қалалық оқушылар спартакиадасында бес асықтан ІІІ орын, 2014 жыл. Футболдан
І орын, 2014 жыл. Стол теннисінен І орын, 2015 жыл. Облыстық спорт түрлерінің
І-Фестивалі асық атудан Жоламанов. Диас ІІІ орын, Бексултанов. Алдияр ІІ орын, 2016 жыл. КСРО спорт шебері Уалихан Нуркеевті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Халықаралық турнирде Икласов Арсылан
І орын, 2014 жыл. Костанай қаласы грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында
ХІІ Республикалық турнирде Икласов Арсылан ІІІ орын, 2016 жыл. Петропавл қаласында өткен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Республикалық ашық турнир Икласов Арсылан ІІ орын, 2015 жыл. 2000-2001 жж. БЖСМ оқушылары арасында грек-рим күресінен облыс чемпионаты Икласов Арсылан І орын, 2013 жыл. Грек-рим күресінен ашық қала чемпионаты Икласов Арсылан І орын, 2013 жыл.
Қорытындылай келе, сабақтарымның үнемі қызықты, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты болуын қарастырып отырамын.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау