21 ақпан күні қазақ мектеп – гимназиясында ағылшын тілі пәнәнен 2,3,4,5,6 сынып оқушылары арасында спорттық іс-шара өтті. Өткізілген іс шараның мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтына баулу және ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттырып білімдерін нығайту. Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, алдында тұрған кедергілерден өтіп, берілген тапсырмаларды орындап, тобына қайта оралады.
Сыныптан тыс іс шараға қатысушылардың ата-аналары және қатысып жатқан досын қолдау үшін әр сыныптың жанкүйерлері келді. Тапсырмалар аяқталған соң Маженова М.А. 3 «А» сынып оқушыларымен флеш-моб өткізді. Әділ қазылар өз нәтижелерін айтып болғасын, қатысушылар грамота және тәтті сыйлықтарға ие болды.