Қазақ мектеп-гимназиясында 10. 02 2017ж. 9 «Б» сыныбымен тренинг өткізілді.
Тренинг тақырыбы: Өзін- өзі бағалау
Мақсаты:
Адамның « Мен» деп өзін бағалай білуі керектігін түсіндіру. Өзіндік талдау мен өзіне баға беру дағдыларын қалыптастыру жалғастыру. Топтың жұмыс жасау дағдысын бекіту.
Әрбір адам қайталанбайтынын және жеке құндылығы болатынын әрбір балаға ұғындыру.Қатысушылар ақ қағазға «М» деген әріпті салып,олар үшін ненің ең мәнді екенін және өмірде ең бағалы не екенін жазу тапсырылды. . Оны психолог былай түсіндірді: әріптің орналасуна байланысты, қатысушының өз-өзіне деген бағасы қандай екенін. Содан кейін бұл әдістеменің ойын екені және оның қорытындысына шын көзбен қарауға болмайтынын түсіндірді. Егер адамның өзін- өзі бағалауы төмен болса, ол өзін әлсіз, жалғыз және қауқарсыз сезінетінін ұғындыру басты мақсаты болатын,сабақ мақсатына жетті.Қатысушылар сабаққа баға берді.