Әлемге ғажайып ретінде қараймын
Оқушылар шығармашылығын жариялау мақсатында 10 ақпанда 2-10 сынып оқушылары жұмыстарынан «Әлемге ғажайып ретінде қараймын» тақырыбында сурет және шығарма байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына салынған суреттері, шығармалары жинақталды.
2-4 сыныптар аралығында ұйымдастырылған сурет байқауында 4«Ә», 3«Ә», 2«В», 4«А», 2«Ә», 3«Г», 3«Б» - сыныптарының суреттері көпшілік көңілінен шығып, көрмеге қойылды.
Ал 7-10 сыныптар аралығында ұйымдастырылған шығармалар байқауында
7«Ә»-сынып Буркитбаев Нұрбай, 7«Б»-сынып Ақыл Томирис, 8«Б»-сынып Жуманкулова Аяулым, 8«Ә»-сынып Еркешева Жанель, 9«А»-сынып Темірғали Мәния, 10«Ә»-сынып Абай Арман, 10«Ә»-сынып Балтабаева Адияның жұмыстары ең үздік деп танылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер