Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы
2017 жылдың 2 ақпан күні 7«А» сыныбында «Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған мұражайлық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Қазақстанның жас патриоттарының білімге құштарлығын ояту. Сабақта барысында Ыбырай Алтынсариннің бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға екенін, өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат жігерін еліміздің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнағанын деректі фильмнен, қосымша ақпараттар мен баяндамадан танып білді. Ақын жазған қанатты сөздерді жасырылған ребус арқылы шешті. Ақынның балаларға арналған әңгімелері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Ы. Алтынсарин ескерткіші, көшесі, Арқалық қаласында орналасқан институты, мектеп-интернаты, мұражайында түсірілген фотосуреттермен т.б. танысты. Сабақ соңында оқушылар алған ақпараттары мен мәліметтерін жинақтай отырып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
ХХІ ғасырда Ы.Алтынсариннің есімі қайталанбас орын алды. «Даланың алып қоңырауы» атанған бабамыз туған халқымен мәңгі жасай бермек. Қазіргі кезде қазақ жастары Ыбырай атамыздың мұрасына ден қойып, тереңірек үңілсе, әркім мәдени азықтанып, ілгерілей түсер еді деген пікірдемін.
Мұражайлық сабақты ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тасқұл А.М
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер