Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Lesson Study сабағына рефлексивтік есеп

Отыз бірінші қаңтар күні 2 «А» сыныбында «Зат есім» тақырыбына қазақ тілі сабағынан Lesson Study ашық сабағы өтті. Алдыма қойған мақсатым: Зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру және зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлінің мәнін ашу болды.
Сабағымды шаттық шеңберіне тұрғызып, психологиялық ахуалдан бастадым. Топқа бөліп, спикер тағайындалды. Сабаққа сәттілік тілеп, сабақты мынадай кезеңдерге бөлдім: «Зымыран сұрақтар, Ойлы болсаң, озып көр! Сөз ойла, тез ойла, Кім жүйрік? Тапқыр болсаң, тауып көр». «Сен маған-мен саған» әдісімен «Алғырлар» тобы сұрақты «Білгірлер» тобына, «Білгірлер» тобы Талаптылар тобына, Талаптылар тобы «Алғырлар» тобына сұрақ қойып өткен тақырыпты пысықтап өтті.
Зат есімнің ережесін, сұрағын түсіндіріп, «Сөз ойла, тез ойла» кезеңінде әр топ суреттегі бейнеленген заттардың атын жазып, сұрағын қойып, сөйлем құрайды.
Музыкамен сергіту сәті орындалды. «Кім жүйрік?» кезеңінде оқулықтан 3-жаттығудағы кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бөліп жазды.
«Ғажайып  ұяшық  алаңында»  есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында
1 мин  ішінде сөздерді жадыңда сақтап, жатқа жазғыздым.
 
Ойлы болсаң, озып көр! кезеңінде қима қағаздар таратылып, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады. Жауабын слайдтан өздері тексереді.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңінде электрондық оқулықпен жұмыс жасалды.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь