Республика бойынша 2017 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпаныны дейін жаппай оқу айлығы және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Бұл акция гимназия назарынан да тыс қалған жоқ. Ақпанның екінші жұлдызында осы акцияға орай «Жақсылық - адамгершілікке бастайды» атты мерекелік іс-шара өтті. Ән-күйменен ұласқан бұл шараның басты мақсаты- балаларға қуаныш мереке сыйлау, оларды ересектердің ықыласына, махаббаты мен-жүрек жылуына бөлеу. Жалпы балаларға мереке кезінде сыйлыққа кеңсе тауарларын, қысқы киімдер, тәтті тағамдар және де ақшадай сыйлықтарды тарт у етті және де осы іс-шараға атсалысқан барша демеуші ұстаздар қауымы мен ата-аналарға алғыс білдіреміз! Бұл тамаша күн шуақты мереке әрбір баланың есінде мәңгі қалатынына сенім білдіреміз.