Мәңгілік Ел - мәртебелі тіл
Қазақ жазба поэзиясының негізін қалаушы Ұлы Абай болса, содан кейін есімі ерек аталатын ақындардың бірі - Мағжан Жұмабаев.
Бүгін, яғни қаңтардың 24 күні "Мәңгілік Ел - мәртебелі тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында "Жырымен жұртын оятқан" атты мектепішілік Мағжан оқуларын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Садвакасова Майра Удашкеевна мен Тасқұл Ақнұр Мақсұтқызы өткізді. Дәстүрге айналған байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақ санасына ұлтымыздың жалынды ақыны Мағжанның өшпес жырларын, рухани мұрасын жете таныстырып, оның шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру. Мектепішілік байқауға 20 оқушы қатысып, үш кезең бойынша сынға түсті.
Байқаудың бірінші кезеңі – «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» деп аталып, үміткерлер Мағжан шығармаларын жатқа оқыды. Екінші кезең «Ай - алқа, жұлдыз - жүзік, ақша маңдай...» деп аталып, оқушылар Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді орындап шықты. Үміткерлер соңғы сынақта «Ақын да бір бала ғой, айға ұмтылған» деп өздерінің ақынға арналған өлеңдерін оқыды.
Байқау нәтижесінде:
І номинация бойынша
1-орын: 6 "Ә" сынып оқушысы - Еркін Адия;
2-орын: 5 "Ә" сынып оқушысы - Еркеуланова Ақнәзік;
3-орын: 6 "В" сынып оқушысы - Зейнолла Дамир.
ІІ номинация бойынша
1-орын: 9 "Ә" сынып оқушысы - Адильбаева Ақмерей;
2-орын: 6 "В" сынып оқушылары Турабай Айкен, Құрмашева Арай;
3-орын: 9 "Ә" сынып оқушысы - Мендешова Амина.
ІІІ номинация бойынша
1-орын: 6 "А" сынып оқушысы - Қаержан Гүлназ;
2-орын: 8 "А" сынып оқушысы - Талгатов Нұралы;
3-орын: 6 "В" сынып оқушысы - Жайлаубай Ақжан иеленді.
Мағжан атамыз "Мен жастарға сенемін" деп айтқандай, осы байқаудың жеңімпаздары қалалық, облыстық Мағжан оқуларына шығып, жүлделі орындармен оралады деген үміттеміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер