Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті онкүндігі


Жұбан Молдағалиевтің  «Мен қазақпын » поэмасымен танысып,талдау жасап,жазушының  қалам өнеріндегі асқан дарынын аша отырып шеберлігін таныдық. Сабағымның мақсаты оқушылардың ақын шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту болатын.Шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, сөздік қорын байыта  ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыттым деп ойлаймын.Оқушыларды елін, жерін сүюге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулып, халқын қастерлеуге, патриоттық сезімдерін арттыра түстім.Сабақты бастамас бұрын, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып“Мінезің қалай?” психологиялық тренинг өткіздім. (түстер арқылы топқа бөлу, мінездеме беру,тілек жазу)Сабақ басында сыныпты  4 топқа бөлдім.Сабақ талдау сабағы ретінде өтті.Тұңғиықтан маржан терейік кезеңінде Мұқан Иманжановтың  «Алғашқы айлар» повесі негізінде оқушылар арасында  «Қазіргі кездегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» тақырыбында шағын ойталқы өткіздім. Бұл жерде өткен тақырыпқа шолу жасалып, сұрақтар қойылды. Сабақ бойы сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, жобалау, топтық , ұжымдық, ізденіс- шығармашылық , баяндау, талдау, жинақтау, зерттеу әдістерін бірізділікпен қолдануға тырыстым. Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын»  поэмасы желісі бойынша оқушыларға топтық тапсырмалар бердім. Бір топ поэманың құрылысына талдау жасаса, екінші топ композициялық талдау жасады,үшінші топ троп түрлеріне талдау, төртінші топ галереялық  талдау бойынша жұмыс жасады.


Сондай-ақ  « Көне тарих сыр шертеді»  қазақ халқының шығу тарихына тоқталу болатын. Оны 2:25 секунд көрсетілетін видеороликті көрсету арқылы жүзеге асырып, оқушыларға «қазақ деген қандай халық?» деп түрткі сұраққа жауап алдым. « Жаужүрек мың бала» бейнетаспасы , Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» әнінің клипін көрсете отырып шығармашылыққа баулып  өлең шығаруды тапсырдым.Сабақ соңында эксперт оқушылар жалпы топтарды бағалап өтті. Үй жұмысы да топтар арқылы белілді. Бірінші топқа « қазақ  халқы»   - лексика-грамматикалық талдау, екінші топқа   «мен  қазақпын»   - фонетикалық талдау,үшінші топқа    тест   жұмысы – жасау, төртінші топқа «жылдар сөйлейді»  тақырыбында елеулі оқиғкалар кестесін жасап келу сияқты жұмыс түрлері берілді. Осы тапсырмаларды орындай келе, жалпы өз сабағымда қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі: Агатаева Кенжегүл Жұмабекқызы






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь