Махамбет, Махамбет... Білмеймін жел ме, сел ме. Жырда онымен бір тұлға теңесер ме? Әділетсіз дүниенің қабырғасын, Махамбетше сөгер жан кездесер ме? 2017 жылдың 25 қаңтар күні қазақ мектеп-гимназиясында Махамбет оқулары болып өтті. 5-10-сынып оқушыларын бәйгеге қосатын жүйріктей баптаған оқушылар қатыстырылды. Жас ұрпақтың арасында Махамбеттің дауылпаз күйлерін кеңінен насихаттап, өр жырларынан өрім өретін өренді жастар өсіп келе жатқандығына тағы бір мәрте куә болдық. Ер Махамбеттің өршіл өлеңдері өскелең ұрпақ үшін әке қанымен, шеше сүтімен бойға дарығандай рух күшіндей әсер етері сөзсіз.
Дәстүрдегідей Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізілді. «Сөйлесем даусым аңқыған...» тақырыбындағы бірінші кезеңде Махамбет шығармаларын жатқа оқыды. Екінші «Домбыра тартсам, келер күй» кезеңінде күмбірлете төккен Махамбет күйлерінен шашу шашты. Қалалық іріктеуге жолдама алған оқушыларға тоқтала кетсек, «Сөйлесем даусым аңқыған...» бөлімінде 40 өлеңін құлаққа жағымды ерекше болмыспен жатқа айтқан Айтбай Әдеміау, Науан Шапағат, «Домбыра тартсам, келер күй» кезеңінде көрермендердің көңілін күмбірлеген күймен баурап алған Серікбай Диас. Осы оқушылардың бұлақтай телегей теңіз, мұхитқа айналуына кәміл сенеміз! Әлі де болса биік белестерден көрінетіндері даусыз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау