Желтоқсанның 12 жұлдызында Қазақ мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты концерт өтті. Мектебіміздің ұжымын үлкен мереке қарсаңында қара шаңырағымыздың директоры Б.Ахмадиқызы құттықтап,ерен еңбектері үшін марапаттау қағаздарын табыс етті.Концертке мектеп оқушылары түгелдей ат салысып,тек оқуда ғана озат емес және өнерпаз екендерін жиналған жұртшылыққа көрсете алды. Өнер орталығының өнерпаздары өз өнерлерін паш етті.Күй ойналып,ән салынды.
Жиырма бес,жиырма бес жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық- деген сөздермен шағын концертіміз өз мәресіне жетті.