«25 жұлдызды күн» республикалық акциясының екінші күні - еліміздің рәміздеріне арналған. Сол себепті мына залға жиналған бастауыш сынып оқушылары шараны әнұраннан бастады.
Кейін балақайлар бір-бірімен жарыса өлең айтып, туған жерлеріне деген махаббаттарын білдірді.
Ал мына кабинетте 8-ші сынып оқушыларында тарих пәні сабағы өтуде. Бүгінгі тақырып - Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері. Мұнда ұл-қыздар егемен елдің қалыпатасуы мен дамуы туралы әңгіме жүргізуде. Бірі - әсем қала Астана туралы, ал енді бірі еліміздің тарихын шамалары келгенше зерттеп зерделеген. Кейін оқушылар біліп-түйгендерін сыныптастарымен бөлісті.
Вероника Пакетова - 26 мектеп-балабақшасының 8-сынып оқушысы:
- Бүгінгі сабақ маған өте ұнады. Өзім бұрын-соңды естімеген ақпараттарды алдым. Сабақ барысында біз топпен жұмыс жасадық. Оның ішінде еліміздегі білім саласындағы жаңашылдықтармен, Астана қаласындағы өзгешеліктермен жақынырақ таныстық.
Айту керек, өңірімізде мұндай ашық сабақтардың 25-і өтеді. Оның 12-сі аудандарда жоспарланған. Аталмыш шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында ұйымдастырылуда.
Шарғия Мукушева - «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» МКМ директоры:
- Бұл жоба аясында облыста 25 сабақ беріледі. Оны өңіріміздің ең мықты ұстаздары өткізеді. 01:43-46/ Сабақтар әртүрлі форматта өтеді. 02:06-18/ Оқушылар өздігінен жұмыс істейді, білімдерін көрсетеді.
Республикалық «25 жұлдызды күн» акциясының 3-і күні еліміздің шекарасына арналмақ.
Айгерим Ержанова
Подробнее: http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/34-news-mtrk/19209-nezavisimyj-kazaxstan-25-let-mira-soglasiya-i-sozidaniya.html
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.mtrk.kz
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау