Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Менің Қазақстаным- менің елім

Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған  «Менің Қазақстаным- менің  елім» тақырыбында әдеби көктейль.

Мақсаты:  оқушылардың  Отанына  деген махаббаты  мен сыйластығын, қазақ халқының  салт- дәстүрлеріне  тәрбиелеу, патриоттық сезімін  ояту.

Барлық іс-шарада Қазақстан елінің  тарихы, табиғаты, ғажайыптары  туралы бейнефильмдер көрсетіліп тұрды. Әдеби коктейльде мұғалім жаңа технологияларды қолданды. Іс- шарада әр түрлі дидактикалық кезеңдер  оқушыларды қызықтырды: Қазақстан туралы өлеңдер байқауы, «Мен Отанымды білемін» тақырыбында викторина болды. Оқушылар қазақ мақал- мәтелдерімен жұмыс жасады: қазақ тілінен орыс тіліне аудару, лексикалық мағынасын түсіндіру, екі тілде сәйкес мақал-мәтелдерді талдады. «Менің Қазақстаным- менің елім» тақырыбында сөзжұмбақ толтырып, бір-бірін толықтырып отырды. Сонымен қатар, Конституцияны білулерін тексеру мақсатында «Артығын алып таста» тапсырмасын орындады.  «Сөйлемді толықтыр» тапсырмасы арқылы Қазақстан мемлекетін жан-жақты сипаттап шықты.

Оқушылар кез келген деңгейдегі тапсырмаларды қиналмастан орындап отырды. Әдеби коктейльдің соңында бейбітшілік құсы – көгершінге өз тілектерін жазып, мектеп кабинеттеріне таратты.

Бүгінгі жас ұрпақ – өз еліміздің патриоты, оны әр қадамында дәлелдей алды және Отанымызды сүйетінін өлең жолдарымен жеткізді.

 

Петропавл қаласы Қазақ мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймолдина С.З.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь