Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Қадірлі ардагерлер!

Дәстүр бойынша 1 қазанда бүкіл әлемдік қауымдастық Халықаралық қарттар күнін атап өтеді. 

 

Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.

 

Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар да халықтың әл – ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған.

 

Біз, сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз, тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп өсіргендіктеріңіз үшін, өмірдің небір қиындықтарын қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз үшін терең алғысымызды білдіреміз. Ендігі жерде біздің перзенттік парызымыз – тек мерекелерде ғана емес, сіздерді әр күні қамқорлыққа алып, көмек көрсету. Жыл сайын біз қарттарға арналған әлеуметтік қызмет түрлері мен көмек жолдарын жетілдіруге ерекше маңыз беріп келеміз. Ардагерлерге арналған мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығая түсуде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімдері жетілдіруде. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, олардың тұрғын үй мұқтаждықтарына да ерекше көңіл бөлінуде.

 

Қымбатты ардагерлер!

 

Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болғай!

 

Жүректен шыққан ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар.
Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілейміз!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь