Эссе Тасқұл Ақнұр Мақсұтқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мен құзіретті ұстазбын, менің педагогикалық ұстанымым - сабақта білімді тек қана түсіндіріп, хабарлап, айтып қана қоймай, оқушылардың өздері ұғына алатындай көрсетіп, шабыттандыру. Сабақта оқытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіре отырып қолдану. Қазіргі білім беру жүйесі ұстаздардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Мен ойлаймын, ұстаз үнемі ізденіп, жаңа бір нәрселерді оқушыларға көрсетіп отырғанда ғана құзіретті тұлға қалыптастыра алады. «Сабақ –оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», - деп Сухомлинский айтқандай, әр сабақты ұйымдастыруда бар шеберлікті салғанда ғана жұмыс алға басады. Әйгілі зерттеуші Выготский: «Дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып,дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, дамудың соңында жүрсе, жаңаша оқыту дамытуды өзімен бірге ала жүреді» деген болатын. Сондықтан дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, дәстүрлі емес сабақтарды өткізуді дағдыға айналдырып жүрмін. Сабақ беру барысында мынадай талаптарды басшылыққа аламын: 1.Оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылу; 2.Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға мен емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс; 3.Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту; 4.Баланың дербестігін, белсенділігін күшейту; 5.Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау.
Менің өзекті мәселем қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдану арқылы оқушылардың жазу, сөйлеу қабілеттерін, дағдыларын дамыту, көркем сөйлеу дағдысы жетік құзіретті тұлға қалыптастыру.
Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу кажеттігі күшейіп келеді. Оқу бағдарламасына жаңа үрдістер, жаңа оқу технологиялары көптеп енгізілуде. Атақты ғалым В.М. Шепельдің "Технология, бұл - өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі" деуі, бүгін жаңа технологиямен оқыту маңызын нақты айқындап тұр. Міне, осы жаңа заман талабына сай сабақтарымда жаңа технология элементтерін пайдаланамын. Атап айтсам, сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастап, оқушылардан кері байланыс алумен аяқтаймын. Әр сабақта технология мен әдіс түрлерін өзгертіп отыруды дағдыға айналдырудамын. Сабақта бағалауға көбірек мән беріп, оқушылармен бірге олардың білімдерін бағалаймын. Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау т.б. Бағалау түрлерін қолданамын. “Сапалы сабақ- шәкірттің табысқа жету көзі” дегендей сабақта “Үштік одақ”, “Ақыл қалпағы”, “Ақыл картасы”, “Тақырыптық теннис”, “Биопоэма”, “Бұрыштар”, “РАФТ”, “Бес жолды өлең”, “Он сұрақ”, “Тыңдайтын үшбұрыштар” сияқты тағы да басқа әдістер мен оқыту стратегияларын кеңінен пайдаланамын. Мен үшін әр сабақ бір әлем болып табылады. Мұғалім білімді жай ғана хабарлап қана қоймай, баланың өздігінен білім алуына жағдай жасағанда ғана нәтижесін көре алады деп ойлаймын. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін, сөйлеу дағдысы жетік тұлға қалыптастыру үшін әр сабақты дәстүрлі емес үлгідеөткізуге тырысамын.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер