Меню KDT

  Актуально  



       
Онлайн-школа
     


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Дорога в школу

«Мектепке жол» акциясы  - жақсылық жолы!

Жыл сайын тамыз айында «Мектепке жол» акциясы басталады. Биыл акция «Мектепке жол - Шекарасыз Жақсылық» ұранымен балалар жылын жүзеге асыру аясында өткізіледі. Акция 1 тамыздан басталады және аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.
Республикалық қайырымдылық акциясын іске асыру мақсатында Петропавл қаласының білім бөлімімен «Бақытты балалық шақ аумағы», «Баланы мектепке жинайық!» сияқты іс-шралар жүргізіледі. Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.
Акция шеңберінде қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бірінші қыркүйек-Білім күні және барлық балалар үшін бұл мереке болуы керек.
Егер әрқайсымыз шетте қалмасақ және бей-жай қарамасақ, қолдау қолын созып, осы акцияға белсенді қатыссақ, онда жас ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне тікелей әсер ететін көптеген мәселелерден аулақ болуға болады.  Ал бақытты бала-біздің мемлекетіміздің болашағының негізі.
Акцияға әркім қатыса алады, кішкене көмек беру өмірді  жақсартуға көмектеседі. Бәріміз бірге игі іс жасап, балаларды мектепке жинауға көмектесейік! Жақсысауға асығыңыз!










 

 

 



 





«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы
 
Петропавл қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.
 
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
 
Қаланың білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
 
Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласа алады.






2020-2021
оқу жылы білім беру ұйымдарында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы ақпарат 



2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде.
Бүгінгі күні қаланың мемлекеттік жалпы білім беретін 37 мектебінде 25612 оқушы оқиды, оның ішінде 2295 аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар.
Осы санаттағы оқушыларға материалдық қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік органдардан басқа әлеуметтік серіктестер де белсенді қатысады: мәслихат, банктер, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар.
«Петропавл арақ зауыты БН» ЖШС ҚМГ, № 23, № 27, № 40 мектептерінің 21 оқушысына 500.000 теңге сомада көмек көрсетті.
Ішкі істер департаменті № 43, 27, 23, 25 мектептердің 20 оқушысына 400 мың теңгеден астам сомаға кеңсе тауарлары мен киімдер беру ретінде көмек көрсетті.
«CUSTOM SOLUTIONS CENTER» ЖШС қаланың шетіндегі мектептердің 30 баласына қашықтықтан оқу үшін жылдық интернет қоры бар 4G роутер түрінде көмек көрсетті.
«Сұлтан ЭММК» АҚ № 7 және № 23 мектептердің 5 оқушысына 150 мың теңге сомаға көмек көрсетті, «С.М. Киров зауыты» АҚ № 25 мектептің 8 оқушысына 80000 теңге сомаға көмек көрсетті, «Көп бейінді жабдықтар зауыты» ЖШС №10 мектептен көпбалалы отбасылардың 5 баласына көмек көрсетті. «Петромашзавод»АҚ көп балалы отбасынан шыққан бір балаға қол ұшын берді. Сондай-ақ Форте банк, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, Халық банкі, «Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі», «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелері және тағы басқалары көмек берді.
Бүгінгі таңда аз қамтылған отбасылардан шыққан 1257 балаға 13783  теңге сомада, соның ішінде 759 оқушыға бюджеттік қаражаттан 9868,8 теңге сомада және 489 оқушыға бюджеттен тыс қаражаттан 3913 теңге сомада көмек көрсетілді.

Республикалық «Мектепке жол» акциясының аясында ювеналды полиция қызметкерлерінің білім бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, кәмелетке толмаған балалардың еңбегін қанауының алдын алу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейд  жүргізілді. Профилактикалық іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарының сақталуы туралы жұмыс берушілерге түсіндірілді.