Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атану – еңбектің ең биік шыңы
 
Қазақ  мектеп –гимназиясы 2015-2016 оқу жылы бойынша қалалық ғылыми жобалар сайысына 20 жұмыс ұсынылып, оның 5 жобасы жоғары бағаланып, облыстық кезеңге жолдама алды. Қалалық ғылыми жобалар сайысында 5 жоба:
 
  • Сейткасымов Нурлыбай – физика пәнінен ІІІ орын;
  • Досканова Дина және Жақсылыққызы Айгерім биология пәнінен ІІ орын;
  • Каиргельдина Лаура және Капарова Альбина - биология пәнінен ІІІ орын;
  • Макишова Гульсара – биология пәнінен ІІІ орын;
  • Нургазина Мадина – қазақ әдебиеті пәнінен ІІ орындарға ие болды.
 
Облыстық ғылыми жобалар қорытындысы бойынша 5 жұмыс та жүлделі орынға ие болып, олар:
 
  • Сейткасымов Нурлыбай – физика пәнінен ІІ орын;
  • Досканова Дина және Жақсылыққызы Айгерім биология пәнінен ІІ орын;
  • Каиргельдина Лаура және Капарова Альбина - биология пәнінен ІІІ орын;
  • Макишова Гульсара – биология пәнінен ІІ орын;
  • Нургазина Мадина – қазақ әдебиеті пәнінен ІІ орындарға ие болып, республикалық тестілеу кезеңіне қатысты.
 
2 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысуға жолдама алды. Олар:
 
  • Нургазина Мадина қазақ әдебиеті пәнінен (100 ұпай, дайындаған Есенгалиева А.Е..) ІІІ орын;
  • Макишева Гульсара биология пәнінен (95 дайындаған Рамазанов Ж.О.) қатысушы сертификатына ие болды.

Жүлделі орынға ие болған оқушылармен мектебіміздің ұстаздарымен қатар СҚМУ оқытушылары сапалы жұмыс атқарды. Физика пәнінен физика және математика кандидаты Усеинов Бейбут Мейрамұлы мен астрономия доценті Солодовник Андрей Андреевич; биология пәнінен география және экология кафедрасының доценті Дмитрев Павел Станиславович және жаратылыстану пәндерінің магистрі Фомин Иван Александрович; қазақ әдебиеті пәнінен «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Жазира Көкбас оқушылармен жүйелі жұмыс жасады.
 
Ал,  2 командалық ғылыми жоба  «InfoMatrix Asia & Pacific» компьютерлік жоба бойынша Халықаралық ғылыми жобалар сайысына Гайнулин Тамирлан мен Тагишов Султанбек,  Тулегенов Бахтияр мен Калелов Данияр  (Жетістіктері: робототехника Республикалық  олимпиада  Астана 2014. SUMO  І орын;  “Сетевой турнир по робототехники“ І орын  Қостанай 2015; “Сетевой турнир по робототехники“  2 орын  2015) физика пәнінен қатысты. Тулегенов Бахтияр мен Калелов Данияр аталмыш халықаралық ғылыми жобалар сайысынан физика пәнінен  ІІІ жүлделі орынға ие болды.  Бұл оқушыларды химия-биология бағытында НЗМ физика пәні мұғалімі Уалиев Данияр Серікұлы дайындады.
 
Истаева Аида 2014-2015 оқу жылында В.И.Вернадский атындағы ХХІІ жасөспірімдер оқуларына қатысып Жалпыресейлік жасөспірімдер зерттеу сайысының І дәрежелі диплом иегері атанған,  қазіргі уақытта 11 «Ә» сынып оқушысы. Ол қалалық (ІІІ орын), облыстық (ІІ орын) ғылыми жобалар сайысының жүлдегері. Истаева Аида ғылыми жобаны 2013 жылы бастаған. Оны Әскери Институттың физика магистрі Кудабаева Дина Айтжанқызы дайындады. Оқушы аталмыш конкурстың І сырттай бөліміне қатысып, ІІ турына қатысуға шақыру алған. 2015 жылдың 14-17 сәуір аралығында Мәскеу қаласына өткен конкурсқа қатысып келді.
 
Жоғарыда аталған ғылыми жобалар үлкен сындардан өтті. Бұл таңдаулы жұмыстар білікті де білімді мамандардың бақылауынан өтіп, әділ бағаланып мәреге жетті. Біздің мектебіміздің мәртебесін аталған оқушыларымыз өз жобаларын  қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық кезеңдерде қорғап, әділқазылар алқасының кәсіби шеберліктері мен әділ шешімдерінің нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Олар: Истаева Аида, Нургазина Мадина, Сейткасымов Нурлыбай, Тулегенов Бахтияр және Калелов Данияр. «Жеңіс бар жерде, жеңіліс те бар» дегендей, ғылыми жобалар сайысына қатысқан оқушыларымыздың арасында  облыстан орын алып, республика мен халықаралық кезеңнің қатысушы атанған оқушылар да бар: Макишова Гульсара, Каиргельдина Лаура, Капарова Альбина, Досканова Дина, Жақсылыққызы Айгерим, Гайнулин Тамирлан, Тагишов Султанбек.  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атану – еңбектің ең биік шыңы.
 
Қазіргі таңда дарындылықтарымен көзге түскен мектеп түлектеріміз ойдағыдай ҰБТ өтіп, грант иегерлері атанып отыр. Нургазина Мадина өзіміздің СҚМУ филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенті. Тулегнов Бахтияр, Калелов Данияр, Сейткасымов Нурлыбай, Истаева Аида Астана қаласындағы Евразиялық Ұлттық Университетінің грант иегерлері.  Мектеп түлектерінің болашақтары жарқын болсын!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь