Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының меңгерушісі бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды:

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі»
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының меңгерушісі бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды:
- «Ивушка» бөбекжай-бақшасы»   мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі  (мекенжайы: 150000 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы  , Пионерская көшесі, 34; тел.37-37-66)      
-«Болашак» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі  (мекенжайы: 150000 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы  , Сатпаев көшесі, 21; тел.33-56-92, 33-56-47);
- «Арай» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі  (адрес: 150000 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы , Театральная көшесі, 50; тел.52-45-12)
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 109 744 теңгеден 129 697 теңгеге дейін.
Лауазым  кандидатына қойылатын біліктілік талаптары :
 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл мектепке дейінгі ұйымда. Педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының (мемлекеттік қызметшілерді, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда) болуы.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы»,  «Педагог мәртебесі туралы»,  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»  кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практикасының; экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін; дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері :  Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарының (бұдан әрі – МДҰ) қызметіне басшылық жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Жұмыс оқу жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді, тәрбие-білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін арнайы жағдайлар жасайды, оның ішінде кедергісіз орта құру.
Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне жәрдемдеседі. Балаларды тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту мен қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Заңнамада белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі білім беру мүліктері мен қаражаттарына иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және нығайтуды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен байланысты, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен) өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, лауазымдық қызметкерлерді әзірлейді. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беруді (растауды) жүргізеді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымға «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді. Ұйымның қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады: :
1) хабарландырудың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан жазалары бар және көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) сотталмағандығы туралы анықтама;
10) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
11)тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
13) Білім берудегі менеджмент бойынша кемінде жетпіс екі сағат біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7)  тармақшаларда көрсетілген құжаттар жұмыс орнынан кадр қызметінің немесе жауапты қызметкердің мөрімен расталуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға үміткер Комиссияның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорыту, наградалары туралы кез келген құжатпен расталған ақпаратты, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсына алады.
 Құжаттар 150008, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, кабинет 315 мекен-жайы бойынша хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс, э/мекенжайы: ptr@edu-sko.kz. Анықтамалар үшін телефон: 8 (7152) 46-13-60
Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 21.05.2002 жылғы №213 бұйрығы редакциясында) бекітілген мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық ауыстыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау Ережесіне сәйкес өткізіледі.

Өтініш
Құжатты жүктеу



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь