Меню KDT

 


 

  Актуально  



       
Онлайн-школа
     


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

 ВЫБОР 

Список пуст

Новости

Абайды оқы, жалықпа!

       Бүгін біздің мектепте ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысы өтті. Аталған іс-шараға бастауыш сынып пен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

      Сайыс үш номинациямен өтті және сол бойынша үш орын берілді. Барлығы 60 оқушы қатысып, ең жүйрік оқушыларға 1,2,3 орын берілді, қалған оқушылар Алғыс хатпен марапатталды. Танатканова Сабина  2 «В» сынып оқушысы «Көңілім әнді ұғады» номинациясында  1 орын, 2 «В» сынып оқушысы Фадеев Матвей «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында 2 орын алды, ал  5 «Г» сынып оқушысы Есембекова Жанар 1 орынды иеленді.

          3 «В» сынып оқушысы Коваль Диана «Білімдіден шыққан сөз» номинациясында 1орын, 5 «Г» сынып оқушысы Мезенцева Евгения 2 орын,  4«Б» сынып оқушысы Сартаева Адина «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»  номинациясында 1 орын, «Көңілім әнді ұғады» номинациясында 2 «А» сынып оқушысы Ткаченко Платон 2 орын алды. Осы номинацияда 2 «В» сынып оқушысы Баснукаева Алина 2 орынға, 8 «А» сынып оқушысы 2 орын, 6 «А» және 8 «А» сынып оқушылары Кутенов Мадияр мен Кутенова Самира «Көңілім әнді ұғады» номинациясында 1 орын, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында 6 «А» сыныбының 1-тобы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін сахналап, 1 орынға ие болды. Ал  7 «Б» сынып оқушысы Богомолова Дарья 1 орын, Устинова Виарика 2 орын алды. «Білімдіден шыққан сөз» номинациясында 8 «А» сынып оқушысы Мхоян Мэри 3 орын, 10 «А» сынып оқушысы Синяков Егор 3 орынды иеленді.







Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь