Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Семинар. «Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу арқылы танымдық қабілетін дамытудағы өзара бағалаудың рөлі»

Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес  2019 жылдың 21 қарашасында ,Петропавл қаласындағы , қазақ мектеп гимназиясында «Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу арқылы танымдық қабілетін дамытудағы өзара бағалаудың рөлі» атты тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Семинар бағдарламаға сай 1 «Б» сыныбы мұғалімі Бисимбаева Қарлығаш Орысбековна , математика  пәнінен «Қосудың ауыстырымдылық қасиеті» және 3 «Б» сыныбы мұғалімі Рустемова Назира Сагитовна қазақ тілі пәнінен «Түбірлес сөздер» тақырыптарында ашық сабақ өткізді. Семинардың мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін дамыту,өзара бағалау,ой өрісін кеңейту, терминдерді қолдануға үйрету.
Семинарға қалалық метептерден 12  бастауыш сынып мұғалімдері қатысып өзара тәжірибе алмасты.Бұл семинарда мұғалімдер сабақтың мақсатын дұрыс қоя білді,оқушылардың логикалық ойлауын ,шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізді.Қатысушы мұғалімдердің тарапынан әріптестерінің берген сабақтарын жоғары бағалап ,алғыс білдірді. Қазақ мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Мұхамеджанова Самал Ержанова, Закрьина Айсұлу Хамитовна, Жумагулова Гульгуль Азимовна  «Оқыту үшін бағалаудың тиімділігі» тақырыбында өте әсерлі өткізген коуч қатысушылардың мақсатын анықтап, соған қол жеткізуге өз септігін тигізді. Ал Галымова Құралай Сәркенқызы мен Нургожина Гулмира Кабдулкакимовна  қортынды рефлексия арқылы  қатысушылардың қызығушылықтарын жоғарылатып  үлкен әсер қалдырды.Келген қонақтар  ұжымның арасындағы мейрімділік пен ауызбіршіліктеріне риза болып ұстаздарға жарқын жаңа  жоспарларың орындала берсін деп шығармашылық табыс тіледі.Бұл семинар сауатты да сапалы және өте жоғары деңгейде өтті.








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь