Меню KDT

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Әдістемелік кабинет












 





















Химия, биология
Педагогикалық идеялар фестивалi
Палитра мастерства (ОГН)
Система менеджмента в образовании

 

 

 

 









2023 жылдың 29 қаңтарында Петропавл қаласы «№8 орта мектеп» КММ қазақ жазушылары мен шығармаларын насихаттау, оқушылардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және дамыту, белсенді іс-әрекетке тарту, балалар шығармашылығын насихаттау, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 5-9 қазақ сыныптары оқушылары арасында VІ қалалық «Әдеби мұра» байқауы өткізілді. Сахналық қойылымға жазушы Д.Исабековтің «Әпке»   шығармасы алынды.

Байқауға «№21 орта мектеп» КММ, «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ, «№8 орта мектеп» КММ, «Ж.Тәшенев атындағы №20 орта мектеп» КММ, «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ, «№17 орта мектеп» КММ, «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ, «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, «әл-Фараби мектеп – лицейі» КММ, «М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп лицейі» КММ оқушылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша І орын «№8 орта мектеп» КММ оқушыларының (директоры А.Ф.Уәлиева) қанжығасына байланса, ІІ орынды «№17 орта мектеп» КММ (директоры Л.Ж.Жалмұқанова), «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ (директоры С.Н.Тұрсынова) оқушылары бөлісіп, ІІІ орынды «Ж.Тәшенев атындағы №20 орта мектеп» КММ,  (директоры Г.Қ.Хамзина) №8 орта мектеп (директоры А.Ф.Уалиева), «әл-Фараби мектеп – лицейі» КММ (директоры Ә.Н.Байбурина), «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ оқушылары (директоры А.Ж.Есқали) иеленді.

Байқауға қатысқан мектеп командалары диплом және алғыс хатпен марапатталды.







 


2023 жылғы 01-20 ақпан аралығыңда халықаралық Кітап сыйлау күні қарсаңында қала мектептерінде «Мектепке кітап сыйла» акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты: белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін, мектепке деген жауапкершілікпен құрмет сезімін тәрбиелеу, балаларды кітап оқуғатарту.




 





2023 жылғы 27 қаңтарда «№ 4 орта мектеп» КММ базасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде мектеп кітапханашыларына «Кітап пен оқуды дәріптеудегі кітапхананың рөлі» тақырыбында тәжірибеге бағытталған қалалық семинар өткізілді.

     Сындарлы қарым-қатынас атмосферасы психолог Г.Б. Саржанова өткізген «Сағат» психологиялық сергіту сәтінен кейін орнады. Кітапхана меңгерушісі Н.Э. Алексееваның өткізген библиосабағында №4 орта мектептің бірінші сынып оқушылары жас оқырмандар қатарына салтанатты түрде қабылданды. Қонақтар - Кітап ханшайымы мен дәрігер Айболит  мереке кейіпкерлері оларды кітаптармен жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Әр түрлі форматтағы және мазмұндағы кітаптарды көргенде балалардың көздері қалай жанып кетті!  

   «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» кітапханасының меңгерушісі А.А. Байтукинаның «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру бойынша инновациялық іс-шараларды енгізу тәжірибесі туралы баяндамасы болды. Әрі қарай, іскерлік ойын барысында семинарға қатысушылар «Классиктердің шығармалары қазіргі оқырман үшін өзекті ме?» сұрағын талқылауын ұйымдастыру барысында практикалық тәжірибе жинақтады.  

    «Бірінші гимназия» КММ кітапхана меңгерушісі Д.А. Шатохинаның «Заманауи оқырман нұсқаулығы» мастер-классы оқырман – оқушылар мен олардың ата - аналарына арналған іс-шаралар, мектептегі «жобадағы жоба» - "Ай кітабы"туралы қызықты бейнесюжеттермен сүйемелденді. 

   Семинардың әр кезеңінде кітапханашылар оқырмандарын «Менің сүйікті кітабым», «Тілектер добы», «Сиқырлы сандықша» сияқты рефлексивті жаттығулар арқылы саналы түрде оқуға және кітаптардан жаңаны табуға қалай ынталандыру керектігін білді.

 
 



2023 жылғы қаңтардың 24 күні «С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ «Дауылпаз баба – Қожаберген» облыстық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқау «Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын...», «Әлеумет, аз жырымды қабыл ал», «Сөз арнадым өзіңе, жырау баба», «Өлеңмен салып жүрмін ою-өрнек», «Жырыма барша жұртым құлақ салсын» сияқты 5 аталымнан тұрады.
Байқауға қала мектептерінен 48 оқушы қатысты.
«Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын...» аталымында оқушылар ақынның рухани мұрасының қазіргі заман жастары үшін маңыздылығын өздеріне жаңалық ретінде ашады, зерттеу жүргізеді.
Бұл аталымның жеңімпаздары: І орын – Уринбекова Ақерке, әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын – Базарова Камила, № 6 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, Мұхамедрахимова Дарина, Тюгумбаева Айым, № 20 орта мектебінің 9 сынып оқушылары; ІІІ орын – Амантай Альбина, № 25 орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Махмутова Сумбат, Бірінші гимназияның 9 сынып оқушысы, Жакина Сабина классикалық гимназияның 6 сынып оқушысы;
«Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек...» оқушылар арасында сұлу сөзді серік еткен жас ақындар байқауы. Номинацияда қатысушы ақынның болмысы, шығармашылығы, өмірі жайында авторлық өлеңдерін ұсынады және берілген тақырып бойынша ақындық шеберлігін көрсетеді.
Бұл аталымның жеңімпаздары: І орын – Еслямбек Алдияр, Абай атындағы қазақ – мектеп гимназиясының 5 сынып оқушысы;
ІІ орын – Жандос Ильмира, М. Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы, Марал Әдия, № 25 орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Сағадатов Бақдәулет, қалалық қлассикалық гимназияның 7 сынып оқушысы, Сәкен Толғанай, № 20 орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Жақан Гауһар, № 8 орта мектебінің 5 сынып оқушысы;
«Жырыма барша жұртым құлақ салсын!» Қожаберген өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу номинациясы.
Бұл аталымның жеңімпаздары: І орын – Шорман Жасмин, № 25 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІ орын – Әби Нұрғиса қалалық классикалық гимназияның 7 сынып оқушысы, Изатова Саида № 6 орта мектебінің 6 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Сайлау Диаз, әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, Сайран Аманат, № 20 орта мектебінің 5 сынып оқушысы, Котенко Даниил, № 16 орталау мектебінің 5 сынып оқушысы;
«Әлеумет, аз жырымды қабыл ал...» автор өлеңдеріне/орыс тіліне/ аударма жасау.
Бұл аталымның жеңімпаздары: І орын – Махметова Аружан, М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп – лицейінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын – Бейсембаева Аружан, қазақ мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, Тасбулатова Мадина, № 20 орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Тұяқова Алина, № 6 орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Жакупова Жансая, қалалық классикалық гимназияның 11 сынып оқушысы, Жүсіп Аружан, әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
«Сөз арнадым өзіңе, жырау баба...» жырау шығармаларының өміршеңдігін, оқырманымен рухани байланысын суреттеп, эссе жазу.
Бұл аталымның жеңімпаздары: І орын – Қайырбек Жасмина, қалалық классикалық гимназияның 10 сынып оқушысы;
ІІ орын – Шахатова Айгерім, М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп – лицейінің 9 сынып оқушысы, Мұхаметғали Альмира, әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Елеутай Аружан, № 20 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, Листопадная Алина, Бірінші ІТ лицейінің 11 сынып оқушысы, Әміреқұл Сымбат, № 6 орта мектебінің 7 сынып оқушысы.
Жеңімпаздар дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталды. Оқушыларды құттықтай отыра шығармашылық табыстар тілейміз!








2023 жылғы 19-20 қаңтарда "Ұшқыр ой алаңы" ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі өтті. Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтығын қалыптастыру; оқушылардың жауапкершілігін, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатысуын тәрбиелеу; республикада мектептегі пікірталас қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Ойын қорытындысы бойынша Қазақстан лигасының жеңімпаздары анықталды:
Құрметті 1-орын "Soz naıza" командасында (Ә. Бөкейхан ат. №25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ), жетекшісі-Бакеева Г. К.;
2-орын "Фемида" командасына берілді ("Ж. Тәшенов ат.№ 20 орта мектеп" ҚММ), жетекшісі – Сүлейменов Ж. С.;
3-орын "Bolashaq" командасында (М. Жұмабаев ат. IT-мектеп-лицей" КММ), жетекшісі: Залелов М. Ж.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!







2-ой день Недели молодого педагога

«Шығармашылық. Құзыреттілік. Бастама.»

2023 жылғы 17 қаңтарда С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Шығармашылық. Құзыреттілік. Бастама» атты жас мамандар апталығы аясында қала мектептерінің жас мамандарына тәлімгер ұстаздар тарапынан ашық сабақтар ұйымдастырылды. Гимназия психологі Каршалова Асель Сарвақызы жас ұстаздармен жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында тренинг өткізді. Гимназияның тәжірибелі тәлімгер ұстаздары Атакулова Гүлнұр Садуакасқызы педагог-зерттеуші 4-сыныпта «Зат есімнің септелуі», Исина Әсел Сәнқызы педагог-зерттеуші 5-сыныпта ағылшын тілінен «Mythical creatures», математика пәні мұғалімі Телекеева Әсел Серікқызы педагог-сарапшы 6-сыныпта «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі.., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне...жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби атамыз айтқандай еңбек жолына жаңа түскен ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!






 


2023 жылдың 16 қаңтар күні Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы базасында қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Шығармашылық. Құзыреттілік. Бастама» атты жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті. Бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас мамандарымыздың өздерін жан-жақты көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісетін аталмыш апталық 16-20 қаңтар күндеріне жоспарланып отыр.
«Ұстаз мәртебесі – ұлт беделі» тақырыбында өткен ашылу салтанатына қаламыздың 63 жас маманы қатысты. Аталмыш мектептің тәлімгер ұстазы, педагог-зерттеуші Азыканова Гүлзада Ермекқызы «Тәлімгерлік. Тәлім алушы жас маманмен жұмыс түрлері» тақырыбында баяндамасымен және “№5 орта мектебінің” КММ бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Зольникова Ольга Геннадьевна «Сыныптан тыс жұмыстар негізінде кіші жастағы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар жас мамандарға арналған « Менің қолымнан келеді..., мен істей аламын...» атты тренинг жаттығулар өткізілді. «Дарынды балаға- талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында жүлделі орынға ие болған, сонымен қатар қатар әр түрлі байқаулардың жеңімпаздары, тұңғыш рет ұстаздық жолды бастаған қаламыздың өнерлі жас мамандары өз тәжірибелерін ортаға салды. Тренинг қатысушылары өз ойларын ортаға салып, белсенділік көрсетті.
Ұстаз мамандығы - қуанышы мен қиындығы қатар жүрер киелі мамандық. Осы мамандықты игеруге аяқ басқан жас мамандарға еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз!

 

























Жаңа 2023 жылдың басталуына қарамастан, Петропавл қаласының білім бөлімі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен әдіскерлері үшін бірқатар жұмыс кеңестерін өткізді. Кездесудің мақсаты білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, сондай-ақ «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» 2022 ж. 05.12. № 486 бұйрыққа енгізілген өзгерістермен танысу болып табылады.
Сонымен қатар, «Сұрақ-жауап» форматында СҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы М. А. Панаринамен кездесу өтті.


 


2022 жылғы желтоқсанның 29-ы күні «Бірінші гимназия» КММ Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиаданың қалалық кезеңі болып өтті. Олимпиадаға қазақ мектептерінен 10 мұғалім, орыс тілді мектептерден 34, барлығы 44 мұғалім қатысты.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды эссе жазу және тест жұмыстарын орындау.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне қазақ мектептері мұғалімдері арасынан жеңімпаз «№8 орта мектеп» КММ мұғалімі Оспанова Ғалия Серікқызы, орыс тілді мектеп мұғалімдері арасынан жеңімпаз «№2 орта мектеп» КММ мұғалімі Түренова Кәмшат Мұратқызы жолдама алды.

Жеңімпаз мұғалімдер диплом, Алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз! 

 




2022 жылғы 26 желтоқсанда Оқушылар сарайында 100 оқушыға арналған Петропавл қаласы әкімінің шыршасы өтті: мұндай құрметке ерекше білім беру қажеттіліктері бар, көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта жетістіктерге жеткен балалар ие болды.
Балаларға Lego конструкторларының жиынтығы және тәттілерге толы қағаз қапшық сияқты жаңа жылдық сыйлықтар табысталды:
"Өткен жылы сен көп нәрсеге қол жеткіздің, көп нәрсеге үлгердің: спорттық және зияткерлік іс-шараларға қатысып, ақпараттық дағдыларды меңгеріп, мектеп ережелерін мұқият орындадың. 2023 жыл ең биік шыңдарды бағындыру жылы болсын!" деп Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Хабибуллин Асқар Ережепұлы оқушыларға осындай жылы сөздерді арнады.
Жауап ретінде балалар 2023 жылдың нышаны - ақ қоянды табыстады, сондай-ақ, алғыстарын және еліміздің табысты азаматы және патриоты болуға деген уәделерін айтты.











2022 жылғы желтоқсанның 20 күні «М.Айтқожин атындағы №1 орта мектеп» КММ Тәуелсіздік күніне арналған «Мен елімді жырлаймын» музыкалық – поэтикалық фестивалі болып өтті. Фестиваль қазақ халқының, қазақ әдебиетінің тарихына «Қазақ батырлары» болып кірген ел үшін, жер үшін жанын қиған батырларымызға арналды.
Фестиваль мақсаты өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ынтасын арттыру, қызығушылығын ояту, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздің жеткен елеулі жетістіктерін жырлау, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру.
Фестивальге 20 мектептен 312 оқушы қатысты. Өз білімдері мен біліктіліктерінің өзгелерден озық екенін дәлелдеген №17 орта мектебі оқушылары І орынды иеленсе, Бірінші гимназия оқушылары мен №1 орта мектеп оқушылары ІІ орын иегерлері атанса, жалпы білім беретін Бірінші ІТ мектеп – лицей, №4 орта мектеп және №23 орта мектеп оқушылары ІІІ орынды өзара бөлісті. Жеңімпаздар дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталды. Оқушыларды құттықтай отыра шығармашылық табыстар тілейміз!






2022 жылдың 15 – желтоқсанда «Дарын мектеп-лицейі» КММ «Қалыптастырушы бағалауды жүргізуде қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар болып өтті. Семинарға қала мектептерінен 25 мұғалім қатысты. Семинарды мектеп директорының орынбасары Төлебаева Самал Дүйсенқызы ашып, білім бөлімінің әдіскері Г.Темірбаева жалғастырды. Оқушылардың қатысуымен 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған сценалық көрініс көрсетілді.
Семинардың практикалық бөлімі мұғалімдерге арналған Қанапина С.С мен Сейпиева шеберлік сыныбымен басталды.
Мектеп – лицей мұғалімдері Бектембаева Ж.Б. мен Құлмақанова М.Қ 9 «А» сыныбында «Бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбында, Көкімбаева С.Е. 8«А» сыныбында «Еңбек ер атандырады», Жайлыбаева А.Б 3 «А» сыныбында «Қыс айлары» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, сабақ барысында бағалауды дұрыс жоспарлау, кері байланыс және рефлексия жасауда қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Семинар рефлексиясында оқушылар ұстаздарға алғыс айтып, СӘТ бойынша өзара пікір алмасып, бүгінгі семинарды қорытындылауда сәттілік тіледі.
Семинар қатысушылары әр сабақты талқылап, өздері ашық сабақтар барысында нені ұнатты, қандай ерекшеліктер болды және өз ұсыныстарын айтып, ойларын ортаға салды.
Семинар қорытындысында мектеп директоры Ерлан Зәйтөнұлы Мәкен жиналғандарға өз ризашылығын білдіріп, мектептегі қазақ тілінің аясын кеңейтуде атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы баяндады. Семинар өз мақсатына жетіп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.















2022 жылдың 29 қарашасында «№7 орта мектеп» КММ  «Оқу мақсатына жетудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар болып өтті болып өтті

. Семинарға қала мектептерінен 21 мұғалім қатысты. Семинар мақсаты мұғалімдердің біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің шығармашылықтарымен таныстыру, өзара тәжірибе алмасу.
«№7 орта мектеп» КММ қауымдастығының жетекшісі Қ.Мұхамеджанова «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақтың кепілі» тақырыбында кіріспе сөз бастап, семинардың мақсаты мен бағдарламасын таныстырды. Мұғалімдер Т.Нұрахметова мен С.Ғаббасова «М.Әуезов – қазақ жерінің дана ұлы» шеберлік сыныбын ұсынып, «Wordwoll» платформасымен жұмыс түрлерін көрсетті. Р.Рамазанова, Аққу Азаматқызы, Б.Ералина, Д.Ақышова, А.Қайнетова, Ф.Абуева бағдарламаға сәйкес сабақтарын ұсынып, өзара ой бөлісті. Семинарға қатысушы мұғалімдер қатысқан сабақтардан ұнаған жақтары мен кемшін тұстарын айтып, ойларын ортаға салды. Семинар соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Темірбаева қорытындылап, семинар жұмысын талқылап, баға берді.



 


2022 жылдың 24 қарашасында Бірінші гимназия» КММ  «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқыту стратегиялары негізінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиетінің жас мұғалімдеріне арналған ЖММ болып өтті. Жас мұғалімдер мектебіне қала мектептерінен 20 мұғалім қатысты. ЖММ мақсаты еңбек жолдарын жаңа бастап жатқан әріптестерге шебер-педагог, зерттеуші-педагогтердің іс-тәжірибесімен таныстыру, бөлісу.

Гимназия мұғалімдері С.Казиева, А.Үмітбаева, Н.Зарипова  бағдарламаға сәйкес сабақтарын ұсынып, өзара ой бөлісті. Жиналған жас мұғалімдер қатысқан сабақтардан ұнаған жақтары мен жетіспеді деген жақтарын айтып ойларын ортаға салды. Гимназия мұғалімі Д.Баелова «Жаңа форматта БЖБ және ТЖБ құрастырудың тиімді жолдары» бойынша тренинг өткізіп, тәжірибесімен бөлісті, жас мұғалімдерге брошюра таратты.

ЖММ соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Темірбаева қорытындылап, жас мұғалімдер мектебінің жұмысын талқылап, баға берді.

 










2022 жылғы 11 қарашада ұлы ақын М.Жұмабаевтың 130 жылдығына байланысты облыстық «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» эссе байқауының қалалық кезеңі өз қорытындысын жасады. Қала мектептері бойынша 65 жұмыс қарастырылды. Әділқазылар алқасының шешімімен «Мағжан жырларындағы табиғат көрінісінің ерекшеліктері» тақырыбында 8 сынып бойынша І орынды «М. Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ оқушысы Самира Ахмерова иемденіп, жұмысы облыстық кезеңге жіберілді.   ІІ орынды «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ оқушысы К.Кубасова мен «№ 26 орта мектеп» КММ оқушысы Г. Коровина иемденсе, ІІІ орынды «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» КММ оқушысы Д. Ташкенбай, «БЭСТ гимназиясы» КММ оқушысы К.Мурадов пен «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектеп» КММ оқушысы Н. Сұраған өзара бөлісті.
 «Мағжан жырларындағы табиғат көрінісінің ерекшеліктері» тақырыбында 9 сынып бойынша І орынды «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ 9 сынып оқушысы Алина Тұяқова иемденіп, жұмысы облыстық кезеңге жіберілді. ІІ орынды «Ж.Тәшенев атындағы № 20 орта мектеп» КММ оқушысы А.Тюгимбаева мен «С.Мұқанов атындағы №32 орта мектеп» КММ оқушысы А.Айдарова иемденсе, ІІІ орынды «№42 орта мектеп» КММ оқушысы А.Ржавина, «М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ оқушысы А.Шаханова, «әл-Фараби атындағы мектеп-лицей» КММ оқушысы С.Жүсіп өзара бөлісті.
«Батыр Баян» поэмасындағы отансүйгіштік қасиетін қай кейіпкердің бойынан көре аласың?..» тақырыбындағы 10 сынып бойынша  І орынды «М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ оқушысы Ақтілек Эркебуланова иемденіп, жұмысы облыстық кезеңге жіберілді.
ІІ орынды «Ж.Тәшенев атындағы № 20 орта мектеп» КММ оқушысы А.Шакирова мен «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушысы Н.Телекеева иемденсе, ІІІ орынды «С.Мұқанов атындағы № 32 орта мектеп» КММ оқушысы Меркури Мелина, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ оқушысы Ереже Дияр, «№ 24 орта мектеп» КММ оқушысы Д.Ефимова өзара бөлісті.
«Мағжан поэзиясындағы философия» тақырыбындағы 11 сынып бойынша  І орынды «С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушысы Жансая Жакупова иемденіп, жұмысы облыстық кезеңге жіберілді. ІІ орынды «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы Т.Қазкенова мен «Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ лицей» КММ оқушысы Э. Риффель иемденсе, ІІІ орынды «№ 7 орта мектеп» КММ оқушысы Сагандыкова Әсемгүл, «әл-Фараби атындағы мектеп-лицей» КММ оқушысы Ж. Тулепбергенова, «Әлихан Бөкейханұлы атындағы №25 орта мектеп» КММ оқушысы А.Қайнолла өзара бөлісті.

Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!     







 


2022 жылғы 4 қарашада, «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ І тоқсан қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысы болып өтті. Отырысқа 26 мектептен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.  Отырыста «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәндері бойынша І тоқсандағы оқу үлгерімі мәселелері сөз болып, кемшіліктерді жою бойынша шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ, оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми жобаларға, байқаулар мен олимпиадаларға қатысу кезіндегі кемшін тұстары сөз болды.
ІІ тоқсандағы жұмыс жоспары талқыланды. 







 


«Бекітемін»

басшының м.а.________Д.Рақышева

2020 ж. «30» қазан

 

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ

әдістемелік кабинетінің 2020 жылғы қараша айына

 іс-шаралар жоспары

 

Мақсаты: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруда білім беру ұйымдарына оқу-әдістемелік қолдауды жұзеге асыру; үздіксіз білім беру үшін жағдай жасау, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Тақырыбы

Қатысушылар саны 

Мерзімі

Уақыты

Жауаптылар

1. Кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу

 

 

 «Құқық бұзушылықтардың және мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу»атты ата-аналар тыңдауы

Әлеуметтік-психологиялық қызмет

 28.10-04.11  19.00-20.00

Г.Қ.Ақмағамбетова

 

 

2 әдістемелік кеңес

«Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің инновациялық қызметін қолдау және кәсіптік тәжірибесін жетілдіру»

 

 

ОТЖ орынбасарлары

(а) қолданылатын білім беру тұғырнамаларының тәжірибесін ұсыну

Бірінші гимназия,

№2 ОМ, №25 ОМ

б) педагогикалық зерттеу аясындағы жұмыстың перспективалық бағыттары туралы № 10,               № 7 ОМ

2 .11

 15.00

А.С.Суендыкова

 

 

Критериалды бағалау бойынша вебинар

№ 1, № 2, № 5, № 42 мектеп мұғалімдері

Қазақ тілі мұғалімдері

 2.11  16.00

Г.Ж. Темірбаева

 

 

«Ұлттық стандарттарға сәйкес ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану бойынша жұмыс» аттывебинар

Директорлардың ТЖ орынбасарлары

 2.11  17.00

Е.Е.Солоненко

 

 

Критериалды бағалау бойынша вебинар

№ 12, № 13,               № 14, № 16,                 № 40 мектеп мұғалімдері

Қазақ тілі мұғалімдері

 3.11  16.00

Г.Ж.Темірбаева

 

 

Жол картасы жобасын талқылау бойынша вебинар (білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту)

Мектептердің кітапханашылары

 3.11  16.00

А.С.Суендыкова

Ә.Е.Мағзұмова

 

 

Критериалды бағалау бойынша вебинар

№ 17, № 20,                № 21, № 24 мектеп мұғалімдері

Қазақ тілі мұғалімдері

4 .11

16.00 

Г.Ж.Темірбаева

 

 

Химия, биология, география жас педагогтеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді жоспарлау» аттытренинг

№13 ОМ химия, биология, география мұғалімдері

4 .11

16:00

Е.А.Черепанова

 

 

«ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар»вебинары

Химия, биология, география мұғалімдері

 5.11

келісім бойынша

Е.А.Черепанова

 

 

Критериалды бағалау бойынша вебинар

№ 10, № 6, № 8, № 32, № 31 мектеп мұғалімдері

Қазақ тілі мұғалімдері

 5.11  16.00

Г.Ж.Темірбаева

 

 

 «Мектеп бітіруші сынып оқушылары арасында онлайн түрде кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру» дөңгелек үстелі

Директорлардың ОТЖ орынбасарлары, педагог-психологтер

5.11   16.00

Н.И.Мухаметова

 

 

 

Авторлық бағдарламаларды әзірлеу бойыншагеография мұғалімдері шығармашылық тобының отырысы

География мұғалімдері (БЭСТ, № 23, 9 ОМ)

 6.11  17.00

А.С.Суендыкова

 

 

Критериалды бағалау бойынша вебинар

№ 23, № 44,                    № 25, № 26, «Дарын» м/л мектеп мұғалімдері

 

 6.11 16.00 

Г.Ж.Темірбаева

 

 

 «Үздік авторлық бағдарлама-2020» облыстық конкурсының қалалық кезеңіне қатысу бойынша әдістемелік ұсынымдар» атты вебинар

 

Тарих мұғалімдері

6 .11

17.00 

Е.Е.Солоненко

 

 

 «Педагог-ассистенттің жалпы білім беретін мектептегі рөлі» атты вебинар   №21,                №23, №8, №2, №40 ОМ

Директорлардың ОТЖ орынбасарлары, ППҚ қызметі, педагог-ассистенттер

 6.11 11.00 

Е.В.Балтина

 

 

«ҚБ жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар» атты вебинар

Дене шынықтыру мұғалімдері

 6.11  16.00

И.Г.Сейтмухамбетова

 

 

«Тәлімгерлік жас педагогтердің кәсіби қалыптасуын дамыту тәсілі ретінде» атты вебинар

Тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтер

 9.11  16.00

А.С.Суендыкова

 

 

 «2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік даму бағдарламасын іске асыру: «Пікірталас  сайыстарын өткізу ерекшеліктері» атты семинар -тренинг

Директорлардың ТЖ орынбасарлары

 9.11

15:00

Ә.Е.Мағзұмова

 

 

 «ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» вебинары (орыс тілінде оқытатын)

(І лицей)

Қазақ тілі мұғалімдері

 10.11  16.00

Г.Ж. Темірбаева

 

 

 

«ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» вебинары (орыс тілінде оқытатын)

Бастауыш сынып мұғалімдері

 10.11

Келісім бойынша

Г.А.Табеева

 

 

«ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» вебинары (орыс тілінде оқытатын)

Орыс тілі мұғалімдері (Я1)

 10.11  16.00

Г.И.Уточенко

 

 

  «ОЖСБ-ны аралық тестілеу кезінде анықталған олқылықтарды жою бойынша педагогикалық жұмысты жүзеге асыру» бенеконференциясы

 

 10.11  16.00

С.Н.Гарас

 

 

«Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие үдерісін ұйымдастыру, тәжірибе алмасу» вебинары

Директорлардың ТЖ орынбасарлары

10.11 

17.00

Ә.Е. Мағзұмова «№2 орта мектеп» КММ, «Қалалық классикалық гимназия» КММ

 

 

Жас мұғалімдерге арналған вебинар.

«ҚР Қылмыстық кодексіне шолу және талқылау» («Азаптау», «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу», жыныстық сипаттағы қылмыстар туралы)

Әлеуметтік педагогтер

 11.11 17.00 

Г.Қ.Ақмағамбетова

 

 

«2019-2020 оқу жылы мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру қорытындысы. 2020-2021 оқу жылына міндеттер» вебинары

Директорлардың ОТЖ орынбасарлары, педагог-психологтер

 11.11 16.00 

Н.И.Мухаметова

 

 

 

«Педагог-ассистенттің жалпы білім беретін мектептегі рөлі» атты вебинар, қажеттілік бойынша

Директорлардың ОТЖ орынбасарлары, ППҚ қызметі, педагог-ассистенттер

 11.11 11.00

Е.В.Балтина

 

 

Әдістемелік кеңестің №2 отырысы

Директордың орынбасарлары

(бастауыш сыныптар бойынша),

ӘБ жетекшілері

 11.11

Келісім бойынша

Г.А.Табеева

 

 

«ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» вебинары (қазақ тілінде оқытатын)

Классикалық гимназияның қазақ тілі мұғалімдері

11.11   14.30

Г.Ж. Темірбаева

 

 

 

«ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» вебинары

Тарих мұғалімдері

 11.11 17.00 

Е.Е.Солоненко

 

 

«ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» вебинары

қазақ тілі мұғалімдері Қалалықклассикалық гимназияның педагогтеріне

 11.11 14.30 

Г.Ж.Темірбаева

 

 

Химия, биология, география жас педагогтеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді жоспарлау» аттытренинг

№8 ЭТОМК химия, биология, география мұғалімдері

 11.11

16:00

Е.А.Черепанова

 

 

 «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және математикалық сауаттылық дағдыларын дамыту» вебинары

Жаратылыстану- математика бағытындағы мұғалімдер

12 .11

16:00

Е.А.Черепанова,

С.Н.Гарас

 

 

«ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» вебинары (қазақ тілінде оқытатын)

Бастауыш сынып мұғалімі

 12.11

Келісім бойынша

Г.А.Табеева

 

 

Критериалды бағалау бойынша вебинар Классикалық гимназия, ҚМГ әл-Фараби, «БЭСТ»

Қазақ тілі мұғалімдері

 12.11  16.00

Г.Ж. Темірбаева

 

 

«ОЖСБ-ға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» вебинары

Орыс тілі мұғалімдері (Я2)

 12.11  16.00

Г.И.Уточенко

 

 

ЖММ Ақпараттық технологиялар оқытудың тиімділігін арттыру құралдарының бірі ретінде

Орыс тілі мұғалімдері                 (№ 32, № 5, № 8, № 43 ОМ, «әл- Фараби»)

13.11  16.00 

Г.И.Уточенко

 

 

ЖММ«Тиімді сабақтың формуласы»

№ 10 ОМ ағылшын тілі мұғалімдері                  

 13.11

10:00

Л.Л. Соленко

Е.А.Черепанова 

 

 

«Ақ қайың шетінде»                     7-сынып оқушыларына арналған қашықтықтан  олимпиада

Тарих мұғалімдері

 18.11 11.00 

Е.Е.Солоненко

 

 

ЖММ«Оқушылар мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас құру» (№ 23 ОМ)

Бастауыш сынып мұғалімдері (жұмыс өтілі 3 жылға дейін)

 26.11

Келісім бойынша

Г.А.Табеева

 

 

Жас мұғалімдер мектебі.

«Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде қазақ тілін оқыту үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамыту»

Қазақ тілі мұғалімдері (жұмыс өтілі 3 жылға дейін) Бірінші гимназия

27.11 

Келісім бойынша

Г.Ж. Темірбаева

 

 

ЖММжас педагогтерге арналған вебинар. «Саралау шетел тілі сабақтарында білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту құралы ретінде» 

Шет тілі  мұғалімдері («БЭСТ», №2,4,10, 26,27,42 ОМ)

 

26.11   17.00

Л.Л.Соленко

Г.И.Уточенко

 

 

ЖММжас педагогтерге арналған вебинар. «Саралау шетелтілі сабақтарында білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту құралы ретінде» 

№5, №8, №43 ОМ, «әл- Фараби» орыс тілі мұғалімдері

26.11  17.00 

 

Г.И.Уточенко

 

2. Педагогикалық қызметті зерделеу, талдау және бағалау, оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жасау, жұмыстың тиімді нысандары мен олардың нәтижелері туралы деректер банкін құру

 

 

1-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына мониторинг

Директорлардың ОТЖ орынбасарлары  

  1. . дейін (тиісті пәннің әдіскерлеріне)

 

А.С.Суендыкова

 

 

«Телеграмм» мессенджерінде социометриялық әдістемені пайдалана отырып, педагогтердің виртуалды сауалнамалары

мектептер педагогтеріне

әр айдың 5 күніне дейін

 

С.Н.Гарас

 

 

 «Фейсбук», «Инстаграмм» ӘЖ мультимедиялық материалдар құру.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік рәміздердің «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкестігіне мониторинг жасау

 

 

 

 

 

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру тұғырнамаларына қойылатын талаптардың орындалуына мониторинг жасау

№1 ОМ,М.Жұмабаев ат. ЖК лицейі, БЭСТ, Бірінші гимназия,                № 25 ОМ.

 

 

 

 

 

 

Педагогтердің инновациялық-зерттеу қызметі бойынша деректер базасын құру

№4,5,7,10,9 ОМ,

БЭСТ гимназиясыныңпедагогтері

әлеум.желілерде анонс

 

А.С.Суендыкова

 

 

 «Үздік авторлықбағдарлама» облыстық конкурсының қалалық кезеңі туралы ереже

 

Білім бөлімінің сайтында

 

 

 

 

«АРНА» қалалық жас педагогтер қауымдастығы туралы ереже

 

Білім бөлімінің сайтында

 

 

 

 

 «PROFICIENCY

WORKSHOP» қалалық педагогтер қауымдастығын құру туралы ереже

 

Білім бөлімінің сайтында

 

А.С.Суендыкова

 

 

Педагогикалық идеяларбейнеконтенті(педагог шебер)

Орыс тілі мұғалімдері

 

 

Г.И.Уточенко

 

 

Бастауыш сыныптарда педагогикалық идеялардыңбейнеконтенті

Бастауыш сынып мұғалімдері (орыс тілінде оқытатын)

 

 

Г.А.Табеева

 

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында география сабағындағы үздік педагогикалық идеялардың бейнеконтенті

педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

Е.А.Черепанова

 

 

Қазақ тілі мұғалімдерінің педагогикалық идеялар бейнеконтенті

Қазақ тілі мұғалімдері

 

 

Г.Ж.Темірбаева

 

 

Педагогикалық идеялар бейнеконтенті (қазақ тілінде оқытатын)

Бастауыш сынып мұғалімдері (мемлекеттік тілде оқытатын)

 

 

Г.А.Табеева

 

3. Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын жетілдіру жөнінде әдістемелік құралдарды, конкурстық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру.

 

 

Әдістемелік өнімді шығару бойынша сараптамалық кеңестің отырысы

Мектептер педагогтерініңматериалдары

Конкурсқа қатысушылар

27.11.

Ш.Қ.Амержанова

 

 

«Үздік авторлықбағдарлама» облыстық конкурсының қалалық кезеңі

Мектептер, қосымша білім беу ұйымдары, түзету кабинеттерініңпедагогтері

Конкурсқа қатысушылар

 20.11

ӘК әдіскерлері

 

 4. Қалалық, аудандық, облыстық денгейлерде білім алушыдардың білімі мен тәрбиесіне қатысатын білім беру ұйымдарымен, мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастыру

 

 

 «Сабақты жоспарлау дағдыларын жетілдіру: оқыту стратегияларын тиімді пайдалану, оқыту мақсаттарын іске асыруға бағытталған әр түрлі тапсырмаларды әзірлеу» вебинары (Өрлеу БАҰО ынтымақтастық аясында)

 

директорлардың ОТЖ орынбасарлары, ӘБ жетекшілері

2020 жылғы             5 қараша

10.00 

А.Ж. Мурзалинова– «Өрлеу» БАҰО филиалының директоры А.С.Суендыкова

 

 

 «Бағалау құралдарын әзірлеу үдерісі» (ПШО филиалымен ынтымақтастық аясында) вебинары

математика мұғалімдері (өтілі 3 жылға дейін)

2020 жылғы           25 қараша

16.00 

А.К.Ермағанбетова - ПШО филиалының жаттықтырушысы

С.Н.Гарас

 

 

 «Күнделік құралдары арқылы өзін-өзі ұйымдастыру және оқытуды дербестендіру мүмкіндіктерін ашу» вебинары

Күнделікке жауапты тұлғалар

 16.00 16.00 

А.Ж.Жәнібекова – БӘЖАТО маманы

С.Н.Гарас

 

 







 




                                                                                                                                                                                                                                                                         «
Бекітемін»
басшының м.а.__________Д.Рақышева
2020 ж. «05» қазан   

 

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ
әдістемелік кабинетінің 2020 жылғы қазан айына
негізгі іс-шаралар жоспары

Тақырыбы

Қатысушылар санаты 

Мерзімі

Уақыты  

Жауаптылар

1. Кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу
 

«Мектепалды даярлық сыныптарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы» атты вебинар

Мектепалды тәрбиешілер

 06.10.2020  16.30

Г.А.Табеева

 

Химия, биология, география жас педагогтеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді жоспарлау» атты тренинг

ЖММ, №40 ОМ химия, биология, география мұғалімдері

 12.10.2020 16.00 

Е.А.Черепанова

 

Химия, биология, география жас педагогтеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді жоспарлау» атты тренинг

ЖММ, №13 ОМ химия, биология, география мұғалімдері

 12.10.2020  16.00

Е.А.Черепанова

 

Химия, биология, география жас педагогтеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді жоспарлау» атты тренинг

ЖММ, №8 ОМ химия, биология, география мұғалімдері

 24.10.2020  16.00

Е.А.Черепанова

 

Шеберлік сыныбы: «Әмбебап оқу жетістіктерін дамыту» (Youtube-канал)

математика, физика, информатика мұғалімдері

 22.10.2020

16:00

С.Н.Гарас

 

«5-7 сыныптарда «Өлкетану» және «Қазақстан тарихы» пәндерін интеграциялау шеңберінде оқу үдерісін ұйымдастыру» вебинары

тарих мұғалімдері

23.10.2020   16.00

Е.Е.Солоненко

 

«5-7 сыныптарда «Өлкетану» және «Қазақстан тарихы» пәндерін интеграциялау шеңберінде оқу үдерісін ұйымдастыру» вебинары

тарих мұғалімдері

30.10.2020  16.00 

Е.Е.Солоненко

 

Қазақ тілі мұғалімдеріне жиынтық жұмыстар жасау бойынша тренинг

№7 ОМ қазақ тілі мұғалімдері

 13.10.2020  16.00

Г.Ж.Темірбаева

 

Қазақ тілі мұғалімдеріне жиынтық жұмыстар жасау бойынша тренинг

№ 9 ОМ қазақ тілі мұғалімдері

 16.10.2020  16.00

Г.Ж.Темірбаева

 

Қазақ тілі мұғалімдеріне жиынтық жұмыстар жасау бойынша тренинг

бірінші гимназияның қазақ тілі мұғалімдері

 21.10.2020 16.00 

Г.Ж.Темірбаева

 

 «Оқытудың белсенді түрлері» аттытренинг

ЖММ, №40 ОМ бастауыш сынып мұғалімдері

 30.10.2020

келісім бойынша

Г.А.Табеева

 

 «Қашықтықтан оқыту жағдайында көркем еңбек сабағын жоспарлау» аттывебинар

көркем еңбек мұғалімдері

22.10.2020   16.00

Ш.Қ.Амержанова

 

«ҚО жағдайында заманауи сабақты құру құрылымы» атты вебинар

№5 ОМ, әл-Фараби,№8 ОМ, №43 ОМ орыс тілі мұғалімдері (ЖММ)

 

 30.10.2020 16.00 

Г.И.Уточенко

 

«ҚО жағдайында заманауи сабақты құру құрылымы» атты вебинар

БЭСТ, №2, №4,№10 ОМ,№26 МБ, №27,№42 ОМ шетел тілі мұғалімдері

 

29.10.2020  17.00 

Г.И.Уточенко

Л.Л.Соленко

 

«Жас психологтер үшін психологиялық-педагогикалық қызметті ұйымдастыру» аттывебинар

психологтер

08.10.2020  16.00 

Г.Қ.Ақмағамбетова

 

«ҰБДҚ толтыруға талдау» вебинары

ҰБДҚ толтыру бойынша жауапты тұлғалар

29.10.2020  16.10 

А.Г.Мұқашева

2. Білім беру ұйымдарына инновациялық қызметте қолдау көрсету

 

«Өлеңдер мен ертегілердегі биология» шығармашылық конкурсы

 

01.10.-10.10 

 

Е.А.Черепанова

 

 «БЭСТ» гимназиясы педагогтеріне арналған 2-сыныпта «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу бағдарламаларын апробациялау жөнінде дөңгелек үстел

 

тәжірибелік алаң педагогтері

09.10.2020  11.00 

А.С.Суендыкова

 

 «Инновациялық-зерттеу қызметін ұйымдастыру жолдары» аттытренинг

Мектептің оқу жұмысы орынбасарлары, № 5 ОМ ӘБ жетекшілері

06.10.20ж.

16.00 

А.С.Суендыкова

 

«Инновациялық-зерттеу қызметін ұйымдастыру жолдары» аттытренинг

Мектептің оқу жұмысы орынбасарлары, № 4 ОМ ӘБ жетекшілері

21.10.20ж.  16.00

А.С.Суендыкова

 

«Инновациялық-зерттеу қызметін ұйымдастыру жолдары» аттытренинг

Мектептің оқу жұмысы орынбасарлары, № 10 ОМ ӘБ жетекшілері

13.10.20ж.  16.00 

А.С.Суендыкова

 

«Инновациялық-зерттеу қызметін ұйымдастыру жолдары» атты тренинг

Мектептің оқу жұмысы орынбасарлары, БЭСТ ӘБ жетекшілері

20.10.20ж.

16.00 

А.С.Суендыкова

 

«Инновациялық-зерттеу қызметін ұйымдастыру жолдары» атты тренинг

Мектептің оқу жұмысы орынбасарлары, № 9 ОМ ӘБ жетекшілері

27.10.20ж.

 16.00

А.С.Суендыкова

 

«Инновациялық-зерттеу қызметін ұйымдастыру жолдары» аттытренинг

Мектептің оқу жұмысы орынбасарлары, Бірінші гимназия ӘБ жетекшілері

30.10.20ж.

 16.00

А.С.Суендыкова

 

Зерттеу жұмыстарына арналған диагностикалық құралдарды жасау бойынша шығармашылық топтардың жұмысы

 (қашықтықтан)

№7,10,9,45 ОМ,Бэст, Бірінші гимназия тәжірибелік тобының мүшелері

келісім бойынша

 

әдіскерлер

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі сабақтарындағы үздік педагогикалық идеялардың бейне мазмұны

педагог- шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

Г.Ж.Темірбаева

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында орыс тілі сабақтарындағы үздік педагогикалық идеялардың бейне мазмұны

педагог- шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

Г.И.Уточенко

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында шет тілі сабақтарындағы үздік педагогикалық идеялардың бейне мазмұны

педагог- шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

Г.И.Уточенко

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында биология сабақтарындағы үздік педагогикалық идеялардың бейне мазмұны

педагог- шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

Е.А.Черепанова

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында математика сабақтарындағы үздік педагогикалық идеялардың бейне мазмұны

педагог- шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

С.Н.Гарас

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында информатика сабақтарындағы үздік педагогикалық идеялардың бейне мазмұны

педагог- шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

С.Н.Гарас

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында тарих сабақтарындағы үздік педагогикалық идеялардың бейне мазмұны

педагог- шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

Е.Е.Солоненко

 

Қашықтықтан оқыту жағдайында психологиялық-педагогикалық қызметтерге үздік педагогикалық идеялардың бейне мазмұны

педагог- шеберлер, педагог-зерттеушілер

 

 

Г.Қ.Ақмағамбетова

 

«Дарынды балалармен жұмыс істеудегі педагогикалық технологиялар» (Өзін-өзі зерттеу технологиясы)атты вебинар

директорлардың ҒӘЖ орынбасарлары

 15.10.2020  16.00

Ш.Қ.Амержанова

3.Оқу-әдістемелік материалдарды сараптау
 

III республикалық «Менің кіші Отаным»конкурсының қалалық кезеңі

9-10 сынып оқушыларының байқау материалдары

02.10-07.10 

 

Е.Е.Солоненко

 

Аттестатталушы педагогтердің портфолиосы

 

үнемі

 

әдіскерлер

 

Әдістемелік өнім шығару

Әдістемелік құралдардың материалдары

үнемі

 

Ш.Қ.Амержанова

 

Педагогтердің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау

Ережеге сәйкес материалдар

үнемі

 

А.С.Суендыкова

4.Зерттеу қызметі үшін деректер банкін құру

 

Зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша педагогтердің деректер базасы

 

үнемі

 

А.С.Суендыкова

 

Зерттеу қызметіндегі диагностикалық құралдар банкі

 

үнемі

 

А.С.Суендыкова